Page 302 - indexf
P. 302

Жылуға бейімделу кезіндегі физиологиялық өзгерістер және
олардың механизмдері. Жылуға бейімделу арнайы физиологиялық
өзгерістердің жиынтығына негізделген. Олардың негізгілері жоғары
температура жағдайында болуы барысында жүктеме кезінде тер
бөлінудің күшеюі, дене «ядросы» мен «қабығы» температурасының
түсуі және жүректің жиырылу жиілігі төмендеуі болып табылады.

    Жылуға бейімделудің негізгі механизмдері сыртқы ортаға де-
немен жылудың шығарылуының күшеюіне бағытталған. Жылуға
бейімделу барысында тер бөлінудің күшеюі жүреді: бірдей сол
дене жүктемесін орындау кезінде қызмет ететін тер бездерінің
саны, сонымен қатар бөлінетін тер мөлшері артады. Тер бөлінудің
температуралық табалдырығы төмендейді – ол неғұрлым дене ядро-
сы мен терінің төмен температурасы кезінде басталады және дене
температурасының жоғарылауымен тез күшейеді.

    Ыстыққа бейімделген адамда бейімделмеген адамдарға
қарағанда азырақ тер буланбай тамшылап ағады, себебі тер
неғұрлым дене беткейімен бірқалыпты таратылады. Нәтижесінде
тер булану мен жылу шығарудың күшеюі үшін дене беткейі алаңы
артады. Тер буланудың күшеюі тері температурасының төмендеуіне
әкеледі. Осының арқасында тері тамырларымен ағатын қан күштірек
салқындайды және сондықтан «дене ядросы-тері» температуралық
градиенттері өседі. Осылайша дененің терең бөлімдерінен оның
беткейіне жылудың физикалық тасымалдануы (өтуі) күшейеді. Тері
қан айналымының қосымша күшеюіне сұраныс (айналыс конвекция-
сы) сәйкесінше төмендейді.

    Жылу шығарудың адаптивті механизмдері күшеюінің басты
әсері дене температурасының төмендеуі болып табылады. Мұнда
тыныштық күйде дене температурасының төмендеуі сияқты бұлшық
ет жұмысы үдерісінде өседі.

    Жылуға акклиматизация нәтижесінде тердегі тұздар мөлшері
азаяды, яғни тер неғұрлым «сұйытылған» болады. Тер арқылы
тұзға қарағанда салыстырмалы көп су жоғалады және сондықтан
қандағы электролиттер концентрациясы жоғарылайды. Сәйкесінше
қан осмолярлығы артады. Жоғары осмолярлық организмдегі
сұйықтықты жоғалтуды өтеуге бағытталған механизм болып табы-
латын шөлдеудің күшті сезінуін тудырады. Бейімделмеген адамдар-
да барлық жағдайларда организмнің суға сұранысын қамтамасыз
ететін шөлдеуді сезінуі жеткілікті болмайды. Ыстыққа бейімделген
адам су балансын жақсы сақтауға қабілетті келеді.

                                      302

⇐ МАЗМҰНЫ
   297   298   299   300   301   302   303   304   305   306   307