Page 303 - indexf
P. 303

Жылуға бейімделу үдерісінде белок молекуларын тері капил-
лярларына шығуын азайтатын осы тамырлардың өткізгіштігі
төмендейді. Терінің ұлпалық сұйықтығында белок мөлшері ар-
тады. Жылылық әсер кезінде ол терінің лимфа торлары арқылы
қан айналымдағы қанға қарқынды орын ауыстырады. Мұның
барлығы бірге оның жоғары онкотикалық қысымын және жеткілікті
көлемін сақтауға мүмкіндік береді. Тұтасымен жылуға бейімделу
нәтижесінде (тыныштық күйде) қан айналымдағы қан көлемі ар-
тады, ал қан тұтқырлығы мен гематокрит көрсеткішінің біршама
төмендеу тенденциясы байқалады.

    Жылуға бейімделу жүрек-тамыр жүйесіне күш түсудің
төмендеуімен қатар жүреді. Тіпті, ыстыққа толық бейімделген
адам организмінің бейтарап жағдайға қарағанда ыстық жағдайда
жұмыс кезінде тері қан айналысы көбірек болса да, жүктеме кезінде
біртіндеп тері қан айналысы азая түседі. Сонымен бірге неғұрлым
тері тамырлары жүйесіне қанның тез орын ауыстыруынан, беткейлік
қан айналысының жақындауынан (беткей тамырлары торының жа-
зылуы есебінен) тері қан айналысының тиімді күшеюі және оның
неғұрлым тиімді таратылу мүмкіндіктері өседі.

    Жылуға бейімделу барысында ыстық жағдайларда жұмыс кезін-
де құрсақ қуысы мүшелерінің қанмен жабдықталуын жақсартатын
жатыр және бүйрек бөлімдерінде жұмыс вазоконстрикциясы
(тамырлардың тарылуы) дәрежесі төмендейді.

    Жылуға бейімделудің барынша елеулі физиологиялық
белгілерінің біріне тыныштық күйде және бұлшық ет әрекеті кезінде
ЖЖЖ төмендеуі жатады. Біртіндеп систолалық көлем артады,
сондықтан ыстық жағдайда болудың барлық кезеңдері барысын-
да жүректің минуттық қан көлемі өзгермейді. Жылуға бейімделу
үдерісінде систолалық көлемнің өсуі қан айналымдағы қан көлемінің
жоғарылауы және әсіресе, тері қан айналысының біртіндеп азаюы
есебінен оның неғұрлым тиімді қайта таратылуы арқасында жүретін
веналық қан қайтарылудың (қанның орталық көлемінің) артуына
негізделген.

    Жылуға бейімделу барысында ыстық жағдайда дене жұмысын
орындаудың механикалық тиімділігі жоғарылайды. Оны стандартты
(жеңіл) жұмысты орындау кезінде оттегі пайдаланудың прогрессивті
төмендеуі көрсетеді.

           303

⇐ МАЗМҰНЫ
   298   299   300   301   302   303   304   305   306   307   308