Page 304 - indexf
P. 304

Жылуға бейімделу үдерісінде симпатикалық жүйке жүйесінің
тонустық белсенділігі төмендейді. Оны атап айтқанда, зәрмен
норадреналиннің бөліну мөлшерінің ілгеріле азаюынан көруге бо-
лады. Жылылық акклиматизация үдерісінде маңызды рөлді ішкі се-
креция бездері атқарады. Мысалы, Д-альдостеронды енгізу ыстық
жағдайларда, тіпті, бұл осы ортаға бейімделген адамдардың өзінде
дене температурасының төмендеуін және жұмыс ұзақтығының ар-
туын тудыратыны белгілі. Бұл әсер тер мөлшерімен байланысты
емес.

    Жылылық акклиматизациямен байланысты көпшілік өзгерістер
ыстық жағдайда болудың әсіресе, алғашқы 4-7 күндері барысын-
да тез жүреді. Жылылық акклиматизация үдерісі толығымен 12-
14 күндері аяқталады. Дегенмен, жоғары ауа температурасы мен
ылғалдылығына максималды бейімделу тек осы жағдайлардағы
аймақтың тұрақты тұрғындарында ғана байқалады.

    Жылуға бейімделу ыстық жағдайда тек үзіліссіз бірнеше тәулік
бойы мекендеп тұрғанда ғана емес, сонымен бірге онда қайталап
қысқа мерзімдік (тәулігіне бірнеше сағат) болу (термокамерада, жы-
лытатын немесе жылуды оқшаулайтын қасиеті бар арнайы киімдер
киген) кезінде де дамиды. Егер ыстық жағдайда болғанда адам дене
жүктемесін орындамаса, жылуға бейімделу дәрежесі көп болмайды.

    Жылуға бейімделу әсері арнайы болады. Құрғақ ыстық жағдайға
организмнің бейімделуі ыстық және ылғалды жағдайларға жеткілікті
бейімделуіне міндетті түрде кепілдік бермейді. Осымен қатар ыстық
жағдайларда жеңіл (ОМП 25%-ға жуық) жұмыстарға бейімделу осы
жағдайларда бірқалыпты (ОМП 50%) немесе ауыр (ОМП 75% және
жоғары) жұмыстарды орындауға бейімделуді білдірмейді.

    Жылуға бейімделу әсері адам жоғары температура жағдайында
болғаннан кейін бірнеше апта барысында сақталады.

    Ортаның жоғары температурасына үйрену жас өсе нашарлайды.
Егде жастағы және кәрі адамдарда жастарға қарағанда неғұрлым
дененің жоғары температурасы кезінде тер бөліну кешірек бастала-
ды. Жылылық жүктемесіне жауап ретінде егде жастағы адамдарда
тері қан айналысы айтарлықтай артады, бірақ жастарға қарағанда,
мұндай күшеюдің максималды мүмкіндіктері оларда азырақ болады.
Ыстық жағдайларда болғаннан кейін егде жастағы және кәрі адам-
дарда дене температурасы қалыпқа неғұрлым баяу оралады.

           304

⇐ МАЗМҰНЫ
   299   300   301   302   303   304   305   306   307   308   309