Page 305 - indexf
P. 305

Спортшылардың жылуға бейімделуі. Төзімділіктің көрінуімен
жүретін спорт түрлерінде жаттықтыру және жарыс жүктемелері тіпті,
ортаның бейтарап жағдайында да дене ядросы температурасының
40°С-қа дейін айтарлықтай жоғарылауын тудырады. Бұл үлкен «ішкі»
жылу жүктемесіне бейімделу реакцияларының дамуы үшін стимул
болады. Жүрек-тамыр жүйесі, тер бездері және басқа мүшелер мен
жүйелердегі мұндай реакциялар үлкен «сыртқы» жылу жүктемесіне
(жоғары ауа температурасы мен ылғалдылығы) акклиматизациядан
өткен адамдар реакцияларымен көптеген жағынан ұқсас келеді.

    Төзімділікті жаттықтыратын спортшыларда жүйелі жаттығу
нәтижесінде жылу реттелуі жетілдіріледі: жылу өндіру
төмендейді, тер түзілудің жоғарылауы есебінен жылу жоғалту
қабілеттілігі жақсарады. Осылай жаттыққан спортшыларға жылу
тітіркендіргіштеріне тер бөліну реакциясының жоғары сезімтал-
дығы, дене беткейімен тер бөлінудің бірқалыпты таратылуы тән
келеді. Сәйкесінше, спортшылардың ауаның кәдімгі немесе жоғары
температурасы кезіндегі жұмыс уақытында сондай абсолютті
жүктемені орындайтын жаттықпаған адамдарға қарағанда, ішкі
және тері температурасы төмен болады. Спортшыларда тердегі
тұздар мөлшері де аз болып келеді.

    Төзімділікке жаттықтыру үдерісінде бейтарап жағдайларда қан
айналымдағы қан көлемі ұлғаяды, қан айналысын оның тері тор-
лары арқылы төмендеуімен жүретін қайта тарату реакциялары
жетілдіріледі. Бұл тері температурасын төмендетеді және дене ядро-
сынан оның беткейіне жылудың өтуін жоғарылатады.

                                                                            14-кесте
     Қоршаған ортаның жоғары температурасы жағдайында

       жүретін адаптациялық физиологиялық механизмдер

Механизмдер  Адаптациялық өзгерістер

Тер бөліну   Жұмыс кезінде неғұрлым жылдам бастапқы тер бөліну,
             яғни тер бөлінудің температуралық табалдырығының
             төмендеуі.
             Тер бөліну жылдамдығының жоғарылауы.
             Дене беткейімен тердің неғұрлым бірқалыпты
             таратылуы.
             Тердегі тұздар мөлшерінің төмендеуі.

             305

⇐ МАЗМҰНЫ
   300   301   302   303   304   305   306   307   308   309   310