Page 306 - indexf
P. 306

Қан және қан                                       14-кестенің жалғасы
айналу
              Жүректің жиырылу жиілігінің төмендеуі.
Зат алмасу    Систолалық көлемнің артуы.
(метаболизм)  Тері қан айналымының күшеюі.
              Қан айналымдағы қан көлемінің артуы.
Жылу реттелу  Жұмыс гемоконцентрация дәрежесінің төмендеуі.
Тыныс алу     Неғұрлым қанды жылдам қайта таратылуы (тері
              тамырлары жүйесіне).
              Қан айналымның дене беткейіне тақауы және дене
              беткейімен оның неғұрлым тиімді таратылуы.
              Жұмыс кезінде жатыр және бүйректік қан айналысы
              азаюы.

              Негізгі алмасудың төмендеуі.
              Стандартты (жеңіл) жұмыстың оттектің
              құндылығының төмендеуі.

              Тыныштық күйде және бұлшық ет жұмысы кезінде
              дене ядросы мен қабығының температурасының
              төмендеуі.
              Дененің жоғары температурасына организмнің
              тұрақтылығының өсуі.

              Ентігудің азаюы (жиі және беткі тыныс алу).

    Сайып келгенде, спортшыларда тұрақты төзімділікке қарқынды
жаттықтыру нәтижесінде тіпті, бейтарап температуралық
жағдайларда да жылуға бейімделуге тән белгілі физиологиялық
механизмдер жетілдіріледі. Сондықтан төзімділікке жақсы
жаттыққан спортшылар жаттықпағандарға қарағанда, көбіне, ыстық
жағдайларда жұмыстарды орындауға жақсы бейімделеді және ыстық
жағдайларда аз қуаттылықты жұмыстарды орындау барысында
неғұрлым тез акклиматизацияланады. Сонымен бірге тіпті, жоғары
спорттық жаттықтырылу дәрежесі және сыртқы ортаның бейтарап
жағдайындағы кез келген сипаттағы жаттықтыру, егер спортшы
жоғары ауа температурасы мен ылғалдылығы жағдайында жарысқа
түсетін болса, оған қажетті арнайы жылуға бейімделуді толығымен
алмастыра алмайды.

    Бейтарап (немесе суық) жағдайларда жаттыққанда туындаған
жылуға адаптациялық бейімделу ыстық жағдайларда қарқынды
жұмыстарды тиімді орындау үшін жеткіліксіз болып табыла-
ды. Жоғары ауа температурасы мен ылғалдылығы жағдайында
өткізілетін жарысқа дайындалу кезінде спортшыны сондай

              306

⇐ МАЗМҰНЫ
   301   302   303   304   305   306   307   308   309   310   311