Page 328 - indexf
P. 328

Биіктікке акклиматизацияның бастапқы кезінде жүретін гемо-
концентрация және одан кешірек байқалатын қан айналымдағы
эритроциттер санының шынайы артуы гематокрит пен қан
тұтқырлығының жоғарылауына әкеледі. Ал бұл өз кезегінде
перифериялық тамыр кедергісінің жоғарылауына әкеле отырып,
осылайша гемодинамикаға ықпал етеді. Эритроциттер мөлшерінің
(гематокрит) біраз өзгерістері қан тұтқырлығына елеулі ықпал жа-
самайды. Тек олардың концентрациясының (мысалы, биік таулы
аудандардағы тұрғындарда байқалатын) айтарлықтай артуы қан ай-
налымына белгілі теріс ықпал ете алады.

                                                                           16-кесте
               Әртүрлі биіктіктерде тыныштық күйде
акклиматизацияланған адамдардың қан жүйесі көрсеткіштері

Биіктік,  Қан Гемоглобин Қанның О2 Артерия-
    м     айналымдағы концент- оттектік қанығу     лық

          қан көлемі  рациясы,  сыйымды-  пайызы,  мқаөнлдшаеғрыі,О%2
           (ҚАҚК),       г%       лығы,       %

          мл/кг дене            %

          салмағына

0 (теңіз  79,6        15,3 20,0 97 20,0
деңгейі)

3100      83,0        16,8 22,5 91 20,5

3600      96,0        18,8 25,2 87 21,9

4600      104,0       20,7 27,8 81 22,4

6500      -           24,8 33,3 65 21,7

    Гемоглобиннің қосымша мөлшерінің түзілуі басында эритроцит-
тер санының өсуімен салыстырғанда біршама кідіреді. Бірақ аккли-
матизация үдерісінде біртіндеп күшейеді, қандағы гемоглобин кон-
центрациясы артады, осылайша қанның оттектік сыйымдылығы
жоғарылайды (16-кесте).

    Мұнда эритроциттердегі гемоглобиннің орташа концентрация-
сы өзгеріссіз қалады. Гемоглобин концентрациясының жоғарылауы
оның оттегімен қанығу пайызының төмендігіне қарамастан
артериялық қандағы оттегінің қалыпты немесе тіпті, біршама
жоғары мөлшерін ұстап тұруға мүмкіндік береді.

    Орта биіктік жағдайында эритроциттер саны мен гемоглобин
концентрациясының артуы өте баяу жүреді. Ол неғұрлым биіктік

                                      328

⇐ МАЗМҰНЫ
   323   324   325   326   327   328   329   330   331   332   333