Page 329 - indexf
P. 329

жоғары және онда ұзақ уақыт болған сайын соғұрлым көбірек бо-
лады. Өте үлкен биіктіктерде қандағы гемоглобин концентрациясы
жылдам және айтарлықтай мөлшерде өседі. Ол таудың тұрғылықты
тұрғындарында 20 г %-дан асады. Әр 300 м биіктік артқан сайын
қандағы гемоглобин концентрациясы ер адамдарда орта есеппен
2,1%-ға және әйел адамдарда 1,8%-ға артады.

    Оксигемоглобин диссоциациясы қисық сызығы биіктікке аккли-
матизация үдерісінде оңға жылжиды, бұл ұлпалардың оттегімен
жабдықталуын жеңілдетеді. Бұл әсіресе, жұмыс атқарушы бұлшық
еттер үшін маңызды. Мұндай ығысу механизмдерінің бірі тауда
үнемі мекендейтін адамдарда байқалатын эритроциттердегі 2,3-
ДФГ концентрациясының жоғарылауы болуы мүмкін. Бірақ тіпті,
биіктікке толық акклиматизациядан кейін де әсіресе, бұлшық ет
жұмысы кезінде артериялық қандағы О2 парциалдық кернеуінің
төмендеуінен ұлпалардың оттегімен жабдықталуы қиындайды.

    Қан айналу жүйесіндегі өзгерістер. Биіктікте болудың алғашқы
күндері жүректің минуттық қан көлемі субмаксималды аэробтық
жүктемені орындау кезінде теңіз деңгейіне қарағанда көбірек бола-
ды. Одан соң ол біртіндеп төмендейді және бірнеше апта барысында
жазық жағдайына тән мөлшерге жетеді. Оның градуалды төмендеуі
қанның оттектік сыйымдылығының (гемоглобин концентрациясы)
жоғарылауы бойынша жүреді.

    ЖЖЖ салыстырмалы аз жүктеменің әсер етуі кезінде
биіктікте болудың алғашқы кезеңінде жоғарылайды, бірақ
акклиматизацияның соңғы сатыларында теңіз деңгейіндегідей бо-
лады. Бұл көрсеткіш қуаттылығы өте үлкен жұмыстарды орындау
кезінде акклиматизацияланған адамдарда жазықтағы мөлшерге
қарағанда тіпті, төменірек болады.

    Максималды жүректің минуттық қан көлемі орта биіктік
жағдайының бастапқы кезеңдерінде өзгермегенмен, алайда биіктікте
болу барысында біршама төмендейді. Бұл систолалық көлемнің аза-
юы нәтижесі болып табылады, өйткені максималды ЖЖЖ көбіне,
өзгеріссіз қалады. Осымен қатар үлкен биіктікте систолалық
көлемнің азаюымен қатар ЖЖЖ төмендеуі есебінен максималды
жүректің минуттық қан көлемі айтарлықтай төмендейді. Биіктік
гипоксия жағдайында максималды ЖЖЖ төмендеуі биіктікке
бейімделу механизмдерінің бірі – парасимпатикалық белсенділіктің
күшеюімен байланысты.

           329

⇐ МАЗМҰНЫ
   324   325   326   327   328   329   330   331   332   333   334