Page 330 - indexf
P. 330

Биіктікке акклиматизацияланған жазық тұрғындарында тау-
ларда болу кезінде перифериялық тамыр кедергісі төмен бола-
ды. Коронарлық тамырлар, ми тамырлары және т.б. тамырлардың
кеңеюіне гипоксия стимул жасайды. Мұндай өтемелі тамыр-
лар кеңеюі болмаса, қан көлемінің артуы, оның тұтқырлығының
жоғарылауы және оттегімен төмен қанығуы жүрек жұмысына
өте көп жүктеме түсіруші еді. Биік таулы жердің тұрғылықты
тұрғындарында жазық тұрғындарына қарағанда артериялық қан
қысымы біршама төмен болады. 3000 м жоғары биіктікте өмір
сүретін адамдарда өкпе тамырларында кедергінің жоғары болуы-
мен және жүректің оң жақ қарыншасының гипертрофиясымен
жүретін кіші (өкпелік) қан айналу шеңберінде қысым жоғарылайды.
Бұл өкпедегі вентиляция мен перфузияның неғұрлым бірқалыпты
қатынасын қамтамасыз етеді. Осының салдарынан альвеолалық ауа
мен артериялық қан арасындағы О2 қысымы айырмашылығы азая-
ды. Жоғарыда көрсетілген өзгерістер жазыққа оралған кезде тек өте
біртіндеп барып жоғалады.

    Ұлпалық бейімделу. Төмен О2 парциалдық кернеуі жағдайында
жүретін ұлпалардағы негізгі өзгерістер аэробтық жолмен энергия
түзілу үшін оттегіні алу мен утилдеу тиімділігінің жоғарылауына
бағытталған.

    Бұл адаптациялық өзгерістер:
    –– ұлпалардың капиллярлануының күшеюінен (капиллярлар
(қылтамырлар) саны мен тығыздығының артуынан);
    –– қаңқа бұлшық еттерінде миоглобин концентрациясының
жоғарылауынан;
    –– митохондрия мөлшерінің ұлғаюынан;
    –– тотығу ферменттерінің мөлшері мен белсенділігінің артуынан
тұрады.
    Сипатталынған бейімделудің физиологиялық механизмдерінен
ерекшелігі бұл өзгерістер ұзақ уақыт барысында жүреді және
сондықтан тек жоғары биіктікте ұзақ мекендеген адамдарда ғана
байқалады.
    Неғұрлым тауда мекендеуші адамдардың жасы кіші болса,
соғұрлым адаптациялық өзгерістер көп болады. Тауда ұзақ мекен-
деуге акклиматизацияланудың қолайлы уақыты баланың өсу және
даму кезеңдері болып табылады.

           330

⇐ МАЗМҰНЫ
   325   326   327   328   329   330   331   332   333   334   335