Page 331 - indexf
P. 331

ОМП өзгерістері. Акклиматизация барысында ОМП көбіне,
біртіндеп артады, яғни биіктікте бірнеше апта болған соң ол
алғашқы күндерге қарағанда жоғары болады. Осылай ОМП артуы
жоғары биіктіктерге қарағанда орта биіктіктерде көбірек байқалады.
Орта биіктікте 3-5 апта болған соң ОМП төмендеуі жазықтағы ОМП
қарағанда тек 6-16% құрайды. Гипоксияның бірдей дәрежесі кезінде
ОМП төмендеуі тауда уақытша мекендейтін жазық тұрғындарына
қарағанда тау тұрғындарында азырақ болады. Биіктікте жүргізілген
жаттықтыру биіктікке акклиматизация үдерісіне жағымды ықпал
етеді: тауда жаттыққан адамдарда жаттықпағандарға қарағанда
ОМП өсуі жоғары келеді. Дегенмен, тіпті ұзақ уақыт белсенді ак-
климатизациядан кейін де биіктікте ОМП жазықпен салыстырғанда
төмен болады.

    Тіпті, тауды үнемі мекендейтін жаттыққан спортшыларда теңіз
деңгейіне қарағанда өз биіктігінде ОМП көрсеткіші көбірек төмен
болады. Мысалы, 3100 м биіктікте тұрақты мекендейтін спортшы-
ларда теңіз деңгейіне қарағанда ОМП 27%-ға төмен.

    Биіктікте ОМП артуына (қалпына келуіне) гипоксиялық
жағдайға компенсаторлық бейімделудің сан алуан механизмдері:
өкпе вентиляциясының күшеюі, өкпенің диффузиялық қабілетінің
жоғарылауы, қанның оттектік сыйымдылығының, жалпы қан
айналымдағы қан көлемінің, жүректің минуттық қан көлемінің ар-
туы, қаңқа бұлшық еті мен миокард капиллярлануының күшеюі,
қаңқа бұлшық еттеріндегі миоглобин мөлшерінің, бұлшық
ет жасушаларындағы митохондрияның жоғарылауы, тотығу
ферменттерінің белсенділігінің артуы және т.б. әкеледі.

Орта биіктік жағдайында және теңіз деңгейіне оралғаннан
             кейінгі спорттық жұмысқа қабілеттілік

    Адамның дене жұмыс қабілеттілігі биіктікке көтерілген сай-
ын төмендейді. Бұл ең алдымен және бастысы, төмендеуі 1200
м биіктікте-ақ байқалатын аэробтық жұмысқа қабілеттілікке
(төзімділікке) қатысты. Осы тұрғыдан алғанда жаттыққан және
жаттықпаған адамдар арасында ешқандай айырмашылық жоқ.
Екеуінде де тауға шығудың бас кезінде жазықтағы деңгейге
қатысты жұмысқа қабілеттілік шамамен, бірдей төмендейді.

           331

⇐ МАЗМҰНЫ
   326   327   328   329   330   331   332   333   334   335   336