Page 332 - indexf
P. 332

Айтарлықтай биіктікте спортшыларда биіктік ауруының симптом-
дары соншалықты жиі және тіпті, елеулі айқын дәрежеде байқалады.

    Жылдамдықты-күштік (анаэробтық) жаттығуларды орын-
дау кезіндегі спорттық жұмысқа қабілеттілік. Қысқа мерзімдік
максималды күш салу кезінде бұлшық ет күші мен қуаттылығы, соны-
мен қатар қозғалыс координациясы (үйлесімділігі) тауға шыққанда
немесе құрамындағы оттегі төмен газ қоспасымен тыныс алғанда
өзгеріссіз қалады. Сондықтан тау жағдайларында орындалатын ұзақ
емес (1 минутқа дейін) жылдамдықты-күштік сипаттағы спорттық
жаттығулар және координациялық (үйлесімділік) жаттығулар
кезінде жазықтағы жағдаймен салыстырғанда нәтижелердің
айқын төмендеуі байқалмайды. Мұнымен қатар биіктікте ауа
тығыздығының (орын ауыстыру кедергісінің) төмендеуі салдары-
нан қысқа (спринтерлік) қашықтыққа жүгіру, әсіресе, велобәйге
кезіндегі нәтижелер тіпті, теңіз деңгейінен жоғары болуы да мүмкін.

    Дегенмен, организмдегі қалпына келу үдерістерінің биіктік
жағдайында баяу жүретінін ескерген жөн. Сондықтан теңіз деңгейіне
қарағанда осы жағдайларда тіпті, қысқа мерзімдік жаттығулардың
өзін қайталап орындау неғұрлым қажуды (жұмысқа қабілеттіліктің
төмендеуін) тез тудырады.

    Биіктікте жылдамдықты-күштік және координациялық
жаттығулар бойынша өткізілетін жарыстарға қатысу үшін спортшыға
осы биіктікке арнайы алдын ала акклиматизация қажет емес. Егер
спортшы биіктік ауруымен зардап шекпесе, оның жарысқа келу
мерзімі өз еркімен таңдалуына болады.

    Төзімділік жаттығуларын орындау кезіндегі спорттық
жұмысқа қабілеттілік. Биіктікте шекті ұзақтығы 1 минуттан асатын
спорттық жаттығу нәтижелері теңіз деңгейіне қарағанда төмен бо-
лады. Тек бұған нәтижесіне ауа кедергісі (тығыздығы) мөлшері көп
ықпал ететін салыстырмалы ұзақ емес жаттығулар, мысалы, тректегі
велобәйге жатпайды. Бұл жаттығулар барысында спортшының
физиологиялық мүмкіндіктерінің төмендеуі оларды орындау
кезіндегі механикалық жағдайлардың жақсаруымен өтеледі.

    Қаншалықты арақашықтық (жаттығудың шекті ұзақтығы) ұзақ
болған сайын соншалықты нәтижелердің төмендеуі айтарлықтай
болады. Неғұрлым биіктік артқан сайын соғұрлым ОМП азаюы-
мен қатар жүретін физикалық аэробтық жұмысқа қабілеттіліктің
төмендеуі күштірек болады. Биіктікке төзімділіктің азаюының басты

           332

⇐ МАЗМҰНЫ
   327   328   329   330   331   332   333   334   335   336   337