Page 333 - indexf
P. 333

себебі аэробтық өнімділіктің төмендеуі болып табылады. Жұмысқа
қабілеттіліктің төмендеуіне байланысты ықпал ететін жаттығу
жүктемелерінің қарқындылығы биіктік сайын азаяды.

    Биіктік гипоксиясына адам организмінің бейімделу
механизмдерінің дамуына қарай өте айтарлықтай дәрежеде
және барлық жағдайда болмаса да, дегенмен оның сол биіктікте
дене жұмыс қабілеттілігі жақсарады. Мұнда биіктікте неғұрлым
ұзақ жаттығуларды орындауға бейімделу үшін соғұрлым
акклиматизацияның ұзағырақ кезеңі қажет етіледі. 2000 м және
одан жоғары биіктікте максималдыға жуық және максималды
аэробтық қуаттылықты жаттығуларды орындау барысында жақсы
нәтижелерге жету үшін акклиматизацияның минималды кезеңі (2-3
апта) қажет болады. Орта биіктік жағдайында бұдан әрі қарай болу
аэробтық жұмысқа қабілеттілікті жақсарта қоймайды, сондықтан да
оның ешқандай мәні жоқ.

    Жақсы жаттыққан адамдар жаттықпаған адамдарға қарағанда
жоғары биіктікке тезірек немесе неғұрлым тиімдірек акклиматиза-
цияланбайды. Биіктік жазық тұрғындарының жұмыс қабілеттілігіне
сияқты таудың тұрғылықты халқының да жұмыс қабілеттілігіне ық-
пал етеді. Жазық тұрғындары сияқты таудың тұрғылықты халқының
да спорттық нәтижелері жазықтағы нәтижелерімен салыстырғанда
арақашықтық артқан сайын (жұмыс мезгілі) төмендейді.

    Орта биіктік жағдайындағы жаттықтырудың теңіз
деңгейіндегі аэробтық жұмыс қабілеттілікке ықпалы. Жоғарыда
баяндалған мәліметтерден биіктік гипоксиясына акклиматизация
теңіз деңгейіндегі төзімділікке жаттықтыру үдерісінде жүретін
өзгерістермен көп жағынан ұқсас физиологиялық өзгерістер туды-
ратыны көрінеді. Аталмыш екі жағдайда да аэробтық энергия өндіру
үшін ұлпалардың (жұмыс атқарушы бұлшық еттердің) оттегіні
утилдеу қабілетімен және организмнің оттегі тасымалдау
мүмкіндіктерімен байланысты оның аэробтық мүмкіндіктері
жоғарылайды. Биіктікте жаттықтыру жазықта спортшылардың
аэробтық өнімділіктерін және физикалық аэробтық жұмыс
қабілеттіліктерін (төзімділіктерін) күшейтетін қосымша
физиологиялық өзгерістер тудыра ма, басқаша айтқанда биіктікте
болғанан кейін теңіз деңгейіндегі жұмыс қабілеттілік жоғарылай ма,
теңіз деңгейіндегі жаттықтыруға қарағанда биіктікте жаттықтыру
неғұрлым тиімдірек пе деген сұрақтар туындайды. Жазық
жағдайында төзімділікті жоғарылату мақсатында биіктікте мекен-

                                      333

⇐ МАЗМҰНЫ
   328   329   330   331   332   333   334   335   336   337   338