Page 355 - indexf
P. 355

қанмен жабдықталуының артуымен жүретін қан айналысының ерек-
ше таратылуын көрсетуі ықтимал.

    Жүзу және жүгіру кезінде максималды АВА-О2 бірдей
болғандықтан ОМП жүзу кезінде төмендеуі судағы (максималды
ЖЖЖ төмендеуінен) максималды жүректің минуттық қан көлемінің
азаюымен түсіндіріледі. Алайда, білікті жүзгіштер ЖЖЖ төмендеуін
өтей және максималды жүректің минуттық қан көлемін сақтай оты-
рып жүзу кезінде өздерінің систолалық көлемін арттыруға қабілетті
келеді. Бұл әсердің механизмі бұлшық ет «насосының» тиімді әрекеті
есебінен болады. Білікті емес жүзгіштерде бұл механизм жеткілікті
дамымаған.

    Жүзуде субмаксималды және максималды жүктемелер кезінде
орташа артериялық қысым жүгіруге қарағанда көбіне, 10-20%
жоғары болады. Бұл денеге жоғары сыртқы (гидростатикалық)
қысымның және төменгі тері температурасы (26-28°С) салдары-
нан тері қан тамырларының тарылуынан қан айналысына шеткі та-
мыр кедергісінің артуының нәтижесі болуы мүмкін. Сонымен қатар
жұмысқа қатысатын бұлшық ет массасының мөлшері де белгілі бір
рөл атқарады. Аз бұлшық ет тобының жиырылуы көп бұлшық ет
тобының ширығуына қарағанда неғұрлым қан қысымының жоғары
көтерілуін тудыратыны белгілі.

    Құрғақта дененің вертикалды қалпы кезінде жұмыс атқарушы
аяқ тамырларының перфузиялық қысымы қан бағанасының
гидростатикалық қысымы есебінен жоғарылайды. Сондықтан
жүгіру кезінде қан перфузиясы жүзу кезінде дененің горизонтал-
ды қалпымен салыстырғанда жеңілдетілген. Алайда, жүзу кезіндегі
жоғары артериялық қысым жұмыс атқарушы бұлшық еттердің
оттегімен жабдықталуы үшін қолайлы жағдай жасай отырып,
олардың тамырлары арқылы қан перфузиясының күшеюін тудыра-
ды.

           Локалды (бұлшық еттік) факторлар

    Басқа спорт түрлері сияқты жүзуде де орындаушы бұлшық ет
аппаратының қызметтік мүмкіндіктері маңызды рөл атқарады. Иық
белдеуі мен қол бұлшық еттері, ал брасс әдісімен жүзуде аяқ бұлшық
еттері ерекше орын алады.

           355

⇐ МАЗМҰНЫ
   350   351   352   353   354   355   356   357   358   359   360