Page 356 - indexf
P. 356

Бұлшық ет композицияларына жүргізілген зерттеулер
жүзгіштерде спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда баяу
бұлшық еттер пайызының жоғары екенін көрсетті (сәйкесінше
дельта тәрізді бұлшық етте 74,3% және 46%, санның төрт басты
бұлшық етінде 52,7% және 36,1%). Аналогты мәліметтер спорт-
шы әйелдермен жаттықпаған әйелдердің бұлшық ет композицияла-
рын зерттеу барысында да алынған. Спринтер-жүзгіштерде (қысқа
қашықтыққа жүзгіштерде) жылдам талшық барлық дельта тәріздес
бұлшық еттердің 60-65%-ын құрайды.

    Жүзуге жаттықтыру үдерісінде жылдам талшықтардың тотығу
потенциалының күшеюі жүреді, сондықтан жұмыс атқарушы
бұлшық еттерде жылдам гликолиздік талшықтар (ІІ–В) мүлдем бол-
майды деуге болады, оларда тек жылдам тотығу талшықтары (ІІ–А)
бар. Баяу талшықтардың жоғары пайызымен және олардың тотығу
потенциалы деңгейімен қатар жылдам талшықтардың тез тотығу
талшықтарына өзгеруі жүзгіштің жұмыс атқарушы бұлшық еттері
үшін үлкен аэробтық потенциал жасайды.

    Осыған жұмыс атқарушы бұлшық еттердің күшейген капил-
лярлануын қосуға болады. Ол тотығу метаболизмі ферменттерінің
белсенділігінің жоғарылауымен, митохондрия саны мен өлшемінің,
миоглобин мөлшерінің артуымен және т.б. локалды өзгерістермен
қатар осы бұлшық еттердің аэробтық мүмкіндіктерінің
жоғарылауына әкеледі. Бұл жүзгіштердің ОМП және аэробтық
жұмысқа қабілеттілігін (төзімділігін) жоғарылауында көрініс таба-
ды.

           Жылу реттелу

    Су температурасы көбіне тері температурасынан төмен бола-
ды. Ауамен салыстырғанда су жоғары жылу сыйымдылыққа 25 есе
және жылу өткізгіштікке 5 есе жоғары ие бола отырып, конвекция-
мен (денені бойлай су қозғалысымен) бірлесе суда айтарлықтай
жылу жоғалтуға алғышарттар жасайды. Егер ауа температурасының
үлкен өзгерістеріне қарамастан ауада адам жылу балансын (тұрақты
дене температурасын) сақтап тұрса, су иммерсиясы жағдайында
дененің қалыпты температурасын ұстап тұру үшін су температура-
сы 33°С-қа жуық болу керек. Толық тыныштық күйінде жылу балан-

           356

⇐ МАЗМҰНЫ
   351   352   353   354   355   356   357   358   359   360   361