Page 357 - indexf
P. 357

сы сақталатын ең төмен су температурасы 22°С-тан (толық адамдар
үшін) 32°С (арық адамдар үшін) аралығында болады. Суда жылуды
тез жоғалту әсіресе, суда ұзақ уақыт болатын стайер-жүзгіштер (ұзақ
қашықтыққа жүзгіштер) мен сүңгушілер үшін қауіпті.

    Теріден суға орташа жылу ағымы орташа тері температурасы
мен су температурасы арасындағы айырмашылықпен анықталады.
Тыныштық күйде тері температурасы су температурасынан 1-2°С
жоғары (66-сурет), ал белсенді жүзу кезінде бұл айырмашылық
1°С-тан аз. Сонда да жылу дене беткейінен суға тез өтетіндіктен,
жылу жоғалту, ең бастысы өз кезегінде ішкі температура мен тері
температурасы арасындағы айырмашылыққа байланысты ұлпалық
өткізгіштікпен анықталады (лимиттеледі). Мұнда жылу шығару
жүзу жылдамдығына тәуелді емес (67-сурет).

Орташа жылу ағымы,W/кв.м  700
                          600
                          500               0,5 1                          1,5 2
                          400
                          300                                    Тт-Тс  Тыныштық күйде
                          200
                          100                  Тыныштық күйде

                             0

                                         0

     66-сурет. Тыныштық күйде әртүрлі температуралық градиент (тері
    температурасы (Тт) мен су температурасының (Тс) айырмасы) мәні

                кезінде орташа жылу ағымы (Я. М. Коц бойынша)

    Бейтарап (33°С) температурадан тек 2°С төмен су темпера-
турасы кезінде шеткі (тері және бұлшық ет) тамырлардың тары-
луы тез жүретіндіктен ұлпалық оқшаулануды арттырады: дене
ядросынан теріге жылу шығару азаяды, яғни дененің жылуды
жоғалтуы төмендейді. Өте жылы су вазодилятацияға және ұлпалық
оқшауланудың азаюына (жылу жоғалтудың артуына) әкеледі.

                                            357

⇐ МАЗМҰНЫ
   352   353   354   355   356   357   358   359   360   361   362