Page 358 - indexf
P. 358

Ұлпалық оқшаулану тері асты май қабаты қалыңдығына тура бай-
ланысты. Судағы дене ядросы температурасының өзгерісі тері асты
май қабатының қалыңдығымен кері байланысты. Сондықтан тері
қан айналысы төмендеуі есебінен жылу өтуінің азаюы әсіресе, арық
адамдар үшін маңызды. Мысалы, 26°С су температурасы кезінде
арық жүзгіштерде эзофагалды температура 0,2°С-қа төмендейді, ал
толық адамдарда тіпті, 0,3-0,9°С-қа артады.

   67-сурет. Жүзу кезінде әртүрлі температуралық градиент (тері
температурасы (Тт) мен су температурасының (Тс) айырмасы) мәні

           кезінде орташа жылу ағымы (Я. М. Коц бойынша)

    Температурасы 10°С суға түскеннен 10-20 мин. кейін (ауыз
қуысында өлшенген) дене температурасы 32,5°С-қа дейін, ал қыста
шомылғанда 30°С-қа дейін түседі. Мұнда тері асты май қабатының
қалыңдығы мен мұндай жағдайларға жаттығу дәрежесінің маңызы
зор. Мәселен, су температурасы 16°С болғанда жаттықпаған арық
адамның ректалды температурасы 34,5°С-қа дейін төмендеп, 30
мин. кейін судан шығуға мәжбүр болса, толық, жаттыққан ер адам
осы жағдайда ректалды температурасы өзгеріссіз 6 сағат бойы жүзе
алады.

    Жүзу кезінде барлық энергия өнімінің 95%-ға жуығы жылуға
айналады. Жүзу жылудың ұлпалық өтуін арттырады, бұл әсіресе,

           358

⇐ МАЗМҰНЫ
   353   354   355   356   357   358   359   360   361   362   363