Page 359 - indexf
P. 359

салқын суда дененің жылу шығаруын тудырады. Мұнда жылу
шығару жылу өндіруге қарағанда көбірек. Сәйкесінше салқын суда
(25°С-тан төмен) жүзгіштің қозғалыссыз қалпы кезіне қарағанда
белсенді жүзу кезінде дене тезірек салқындайды.

    Судағы қозғалысқа қан айналу реакциясы бір жағынан метабо-
лизмге (жұмыс атқарушы бұлшық еттердің оттегімен жабдықталуы)
даулы сауалды және екінші жағынан қалыпты жылу реттелуді
көрсетеді. Осы талаптардың ешқайсы (әсіресе, суық суда) толығы-
мен қанағаттандырылмайды. Үлкен жылу реттеуші жүктемелер
(денені салқындату) тері қан айналымын күшейте отырып, бұлшық
еттердің қанмен жабдықталуының төмендеуіне әкеледі.

    Егер салқындату нәтижесінде ішкі дене температурасы 37°С-қа
төмен түссе, кез келген субмаксималды жүзу жылдамдығы кезінде
О2 пайдалану шамамен, 0,5 л/мин-қа жоғарылайды. ОМП қалыпты
дене температурасы кезіндегі ОМП салыстырғанда 6-18% азаяды.
Субмаксималды жүзу жылдамдығы кезінде О2 жоғары пайдалану
мен ОМП төмендеуі төмен су температурасы жағдайында жүзгіштің
жұмыс қабілеттілігін (төзімділігін) күшті азайтады.

    Су температурасы оптималды (қолайлы) кәдімгі бассейндерде
қарқынды және ұзаққа созылмаған жүзу кезінде жүзгіш организмінің
жылу балансы бұзылмайды. Сонымен қатар ыстық жағдайларда
ұзақ арақашықтыққа жүгірген желаяқтарға қарағанда жүзгіштерде
жүректің минуттық қан көлемінің салыстырмалы аз бөлігінің тері
торларына бағытталуына (жылу реттеуші механизм ретінде) жағдай
жасалады.

    Ауамен салыстырғанда су жоғары жылу сыйымдылыққа 25
есе және жылу өткізгіштікке 5 есе жоғары болғандықтан тіпті, са-
лыстырмалы жылы судың өзінде де ұзақ уақыт болу жылудың
айтарлықтай жоғалуынан дененің салқындауына әкеледі. Деген-
мен, шыныққан жүзгіштерде салқындауға бейімделмеген адамдарға
қарағанда температуралық гомеостазды қамтамасыз ететін меха-
низмдер жақсы жетілген. Сондықтан кез келген жаста жүзумен ай-
налысу шынығудың ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады.

           359

⇐ МАЗМҰНЫ
   354   355   356   357   358   359   360   361   362   363   364