Page 432 - indexf
P. 432

44 см) жүгіру бойынша (r = 0,48), орнында тұрып ұзындыққа секіру
бойынша (r = 0,78) анықталған. Алайда, теннис добын лақтыру,
гимнастикалық жаттығулар сынды күрделі-координациялық
қозғалыстар үшін корреляция тән болмаған.

    Организмнің түрлі қызметтерінің көптеген отбасылық
ерекшеліктері зерттелінген.

    Ересек стайер-желаяқтарында оттегі жетіспеушілігі (гипоксия)
мен көмір қышқыл газының артық мөлшеріне (гиперкапнияға) жа-
уап ретінде туындаған өкпелік вентиляция өзгерістеріне зерттеу
жүргізу тыныс алу реакцияларының мықты спорттық дене бітімі тән
ұзақ арақашықтыққа жүгіретін желаяқтар мен олардың спортпен
шұғылданбайтын туысқандарында бірдей болатындығын көрсеткен.
Бұл ретте олардың спортпен айналыспайтын тұлғалардан тұратын
бақылау топтарындағы өкпелік вентиляцияның неғұрлым жоғары
өзгерістерінен нақтылы айырмашылықтары болған (Scoggin С. Н. et
al).

    Отбасы ішілік зерттеудің кейбір қарама-қайшы мәліметтері
морфологиялық белгілер генетикасын популяциялық ерекшеліктер
ықпалымен түсіндіреді (Л. П. Сергиенко 1987). Мәселен әртүрлі
популяциядағы адам бойы ұзындығына отбасы ішілік генетикалық
ықпалдың көрінуі түрліше болған. Мысалы, америкалық попу-
ляцияда ең жоғары өзара байланыс анасы-қызы жұбы арасын-
да айқындалса, одан соң оның төмендеуі анасы-ұлы, әкесі-ұлы,
әкесі-қызы жұптарында байқалған. Ал африкалық популяцияда
корреляцияның төмендеуі басқадай (әкесі-ұлы жұбынан, анасы-ұлы,
анасы-қызы, әкесі-қызы жұбына дейін) реттілікпен көрінген.

    Ақыл-ой қабілетіне қатысты (интеллектуалдық коэффициент
көрсеткіші бойынша) отбасы ішілік өзара байланысты британдық
ғалым-психолог Ганс Юрген Айзенк (1989) айтқан болатын. Ақыл-
ой операцияларын жүзеге асыру жылдамдығы мен интеллектуалдық
проблемаларды шешу бойынша асыранды балалардың көрсеткіш-
тері олардың асырап алған ата-аналарының емес, биологиялық ата-
аналарының ақыл-ой қабілеттерімен сәйкес келген. Бұл деректер
аталмыш қабілеттің тұқым қуалайтындығын көрсетеді.

    Немере қарындас пен ағалар арасындағы, яғни туыстық некелерді
талдау нәтижесі жақын туыстар отбасыларында генетикалық әсердің
терістігін дәлелдейді. Ерте заманнан бастап-ақ, біздің ата-бабалары-
мыз туыстық некеге рұқсат бермеген. Генетикалық зерттеулер жеті

           432

⇐ МАЗМҰНЫ
   427   428   429   430   431   432   433   434   435   436   437