Page 454 - indexf
P. 454

77-сурет. ОМП немесе VO2max 65% тең қарқындылықты циклдік
жаттығулар кезіндегі адреналин, норадреналин, глюкагон, кортизол және

  глюкоза концентрацияларының өзгерістері (A. Giovanelli мәліметтері
                                        бойынша)

    Эмоциялық стресс – бұл қақтығысты өмір жағдайларында, адам-
ның әлеуметтік және биологиялық қажеттіліктерін қанағаттануын
ұзақ уақыт шектейтін, айқын көрінетін психоэмоциялық бастан
кешулері. Ересектерге қарағанда балалар эмоциялық стреске жиі
ұшырайды, өйткені олар сезімтал және эмоциялы жараланғыш,
жағдайларға бейімделушілігі төмен. Эмоциялық стресс
гомеостаздың бұзылуына байланысты бейімделушіліктің кемістігі
ретінде қарастырылады.

    Спортшыларда эмоциялық стресс неғұрлым мақсатқа жету
маңыздырақ және қолжетімді ақпараттар мен иелігінде бар уақытта-
ғы энергия азырақ болған сайын соғұрлым айқынырақ көрінеді.
Жаңа элементтер мен жағдайдың белгісіздігі спортшы организміне
стресс әсерін жоғарылатады.

    Жүйке үдерістері күшті және салмақты, өз күштеріне сенімді,
мол тәжірибелі спортшыларда жүйке-психикалық шектен тыс
ширығу күйі анық байқалмайды. Оларда 1-кезең жылдам өтеді,
2-кезең ұзақ әрі тұрақты болады, ал 3-кезең өте сирек кездеседі.
Дайындықтары азырақ, жүйке жүйесі әлсіз немесе салмақсыз спорт-
шыларда, керісінше, 1 және 3-кезеңдер айқын көрінсе, 2-кезең аса
байқалмайды.

           454

⇐ МАЗМҰНЫ
   449   450   451   452   453   454   455   456   457   458   459