Page 455 - indexf
P. 455

Әрекеттің монотондылығы (бірсарындылығы)
    Басқа адамдарға сияқты спортшыға да жаңа ақпараттарды,
қимыл және тактикалық міндеттерді шешудің жаңа жолдарын іздеу
жағымды эмоцияның көзі болып табылады. Біртекті қимыл актілерін
ұзақ уақыт орындау кезінде (мысалы, орташа қуаттылықты циклдік
жұмыс кезінде) ақпараттар келуінің айтарлықтай азаюынан зерігу,
жаттығуға қызығушылықтың кемуі, қызметтік мүмкіндіктердің
төмендеуі туындайды.
    Әрекеттің монотондылығы – көптеген қарапайым стереотипті
қозғалыстардан тұратын біркелкі жұмыстан туындаған күй.
    Мұндай жұмыс адамда психикалық белсенділік күйінің
төмендеуін, немқұрайлылық, шаршау, ұйқы басуын, ЖЖЖ мен
ТЖ сиреуін, жұмыс атқаратын бұлшық еттердің ЭМГ амплитудасы
төмендеуін, жұмысқа қабілеттіліктің азаюын тудырады.
    Монотония күйінің туындау механизмдерінің бірі әдеттену бо-
лып табылады. Егер қандай да бір стимул (тітіркендіргіш) көп мәрте
қайталана берсе, онда оған зейін әлсірейді, реакция төмендейді,
яғни оның жаңалығы жоғала бастайды. Қарапайым қимыл
дағдыларының автоматизациясы үдерісінде эмоциялық күйзеліс
прогрессивті (ілгерінді) түрде төмендейді. Мұнда қоршаған ортадан
миға қабілеттілікті арттыратын сенсорлық сигналдар келмеген кезде
мидың жоғары бөлімдері белсенділігінің төмендеуін тудыратын ми
бағанының бейарнайы тежелу бөлімдері белсендіріледі. Монотонды
әрекет кезінде қозғалыстарды басқаруда мидың оң және сол жақ жар-
ты шарларының рөлі өзгереді. Оңқай спортшыларда мидың доми-
нантты болатын сол жақ жарты шары белсенділігінің төмендеуі және
жетекші болып табылмайтын оң жақ жарты шар рөлінің жоғарылауы
байқалған. Бұл жұмысты әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік береді,
бірақ оны әсерін азырақ тиімді етеді.
    Түрлі адамдар монотонды жұмысты әртүрлі қабылдайды.
    Монотонияға қарсы тұрудың басты факторы жүйке жүйесінің
туа біткен қасиеттері болып табылады.
    Бұл жағдайларда жүйке үдерістері күшті, салмақты және
баяу болып келетін флегматиктер табысты жұмыс атқара алады.
Жоғары білікті шаңғышы-жарыскерлер, стайер-желаяқтар мен тас
жол-велосипедшілерді зерттеу барысында аталмыш спорт түрлері
бойынша спортшылардың негізгі үлесін флегматиктер алатыны
дәлелденген.

           455

⇐ МАЗМҰНЫ
   450   451   452   453   454   455   456   457   458   459   460