Page 456 - indexf
P. 456

Спортшының жеке бас ерекшеліктерінің де маңызы бар. Экстра-
верттерге қарағанда интроверттер монотонды жұмыстарды жеңіл
атқара алады. Бұл терминдерді Швейцария психологі Карл Густав
Юнг қолданысқа енгізген.

    Экстраверттерге:
    1. Адамдармен тез араласуға бейім тұратын;
    2. Публика алдында сөз сөйлегеннен қысылмайтын;
    3. Кез келген әрекетін сыртқы ортамен бөлісетін адамдар жата-
ды, ал интроверттерді:
    1.	 Жалғыздықты сүйетін;
    2.	 Өз-өзімен сөйлескенді ұнататын;
    3.	 Ішкі әлемінде өмір сүретін жандар құрайды.
    Монотондылықпен күрес үшін спортшылардың орын ауыс-
тыру жылдамдығын түрлендіру, әртүрлі арақашықтық, бәсеке
жағдайларын тудыру және т.б. қолданады. Соңғы уақытта фартлек
жаттығулары қолданысқа ие. Фартлек – жаттығуды қайталау бары-
сында орындау жылдамдығы өзгеріп отыратын жаттығу. Әртүрлі
ритмді фартлек бұл 45-60 минут аралығында кроссқа жүгіру кезінде
өзінің мүмкіндігіне қарай бірнеше рет жылдам қарқында жүгіруді
іске асырады. Аталмыш жаттығу әдісі ХХ ғасырдың 30-жылдары
Швециядан бастау алып, көбіне ұзақ қашықтық желаяқтар арасында
қолданылады. Бұл басты мақсат қашықтық пен уақыт емес, рақаттану
болып табылатын жаттығудың еркін түрі. Жаттығу сабақтарын
көбіне ауылды жерлерде өткізеді. Спортшы маршрут сияқты
жүгіру жылдамдығын да өзі таңдайды. Көптеген жаттықтырушылар
фартлекті қандай да бір спорт түріндегі монотондылықты бұзу үшін
қарқындылығы жоғары жаттығу жүктемелеріне немесе интервалды
жаттығу программасына қосымша ретінде қолданылады.

Сауықтыру дене жаттығуларының негізгі түрлері және
                    олардың организмге әсері

    Дене тәрбиесінің негізгі құралына дене жаттығулары,
жаратылыстың табиғи күштері мен гигиеналық факторлар жа-
тады. Дене жаттығулары – дене тәрбиесі міндеттерін шешуге
қажетті адамның қимыл әрекеті, яғни бұл саналы түрде орындалған
қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Оның негізгі міндеті –

           456

⇐ МАЗМҰНЫ
   451   452   453   454   455   456   457   458   459   460   461