Page 457 - indexf
P. 457

халықты сауықтыру және жұмысқа қабілеттіліктерін арттыру. Дене
жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу
мүшелерін дамытады.

    Сауықтыру дене жаттығуларының негізгі түрлері
    Сауықтыру дене жаттығуларының сан алуан түрлерін қолдану
адам денсаулығын сақтау мен жақсартуға әкеледі. Сонымен қатар
олар қоғамда жалпы білім беру, танымдық (туризм), реабилитация-
лық (емдік дене шынықтыру), кәсіби (өндірістік гимнастика, кәсіби-
қолданбалы дене дайындығы) сияқты басқа да міндеттерді шешеді.
    Дене жаттығулары моторлық-висцералдық рефлекстерді сти-
мулдай отырып, ұлпаларда зат алмасу үдерістерінің жылдамдауына,
гуморалдық үдерістердің белсенуіне әкеледі (30-кесте).

                                                   30-кесте

Организм мүшелерінің тыныштық күйде және дене

жүктемелері кезінде тотығу поцестеріне қатысуы (Баркрофт

                  бойынша сағатына см3 О2 )

Мүше              Максималды  Максималды дене

                  тыныштық                   жұмысы

                  (наркоз)

Көлденең-жолақты  12,9                       59
     бұлшық ет

Жүрек             2,0                        254,0

Сілекей бездері   0,9                        1,1
      Бауыр       7,9                        21,1
                  0,7                        1,4
   Ұйқы безі

Бүйрек            1,6                        4,2

    Дене жаттығуларына гимнастика, ойындар, туризм және спорт,
дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнасти-
ка, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.

    Гимнастика түрлері негізгі және гигиеналық гимнастика,
спорттық гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік
гимнастика және емдік гимнастика болып табылады.

    Ойын оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке тәрбиелейді.
    Туризм – оқушыларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіш-

                  457

⇐ МАЗМҰНЫ
   452   453   454   455   456   457   458   459   460   461   462