Page 458 - indexf
P. 458

тікке және қолайсыз сыртқы жағдайларда кездесетін қиындықтарды
жеңуге тәрбиелейді.

    Спорт – оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін,
қозғалыс дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамыта-
тын дене тәрбиесінің құралы.

    Гимнастика – арнайы жаттығулар жүйесінен тұратын, адам
денсаулығын нығайту және оның денесінің үйлесімді дамуы
үшін қолданылатын дене шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер.
Қазақстанда гимнастиканың (грекше gymnastіke, gymnazіo – жаттығу
жасаймын, жаттықтырамын) акробатика, көркем гимнастика және
спорттық гимнастика сынды түрлері жақсы дамуда.

    Гимнастиканың әртүрлі түрлерінің (таңертеңгілік гигиеналық
гимнастика, өндірістік гимнастика, судағы гимнастика) сауықтыру
әсері бар.

    Таңертеңгілік гигиеналық гимнастика күні бойы организм
қызметінің белсенуіне әкелетін, яғни таңертең ұйқыдан кейін
организмнің жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіруді тездететін
(активті, пассивті және аралас) дене жаттығулары. Ұйқы кезінде
адамның орталық жүйке жүйесі де тынығады. Бұл кезде жүректің
соғысы азайып, тыныс алуы баяулайды, бұлшық еттері босаңсып,
организм толық демалады. Ұйқыдан оянғаннан кейін орталық жүйке
жүйесі мен әртүрлі мүшелердің қызмет белсенділігі арта бастайды.
Алайда, белсенділікке көшу үдерісі ұзаққа созылып кеткен жағдайда
оның жұмыс қабілеттілігіне (дене және ой еңбегінде де) елеулі әсер
ететіні ақиқат. Ондайда адамның ұйқысы ашылмай, дел-сал күйде
жүреді, ашушаң болады. Ал таңертеңгілік гигиеналық жаттығуларды
орындау барысында қозғалысқа түскен бұлшық еттер мен буындар
ұйқыдан кейінгі миды тежелу күйінен арылтады, жұмыс атқарушы
бұлшық еттерден түскен афферентті импульстар арқылы ОЖЖ то-
нусын жоғарылатады, сезім мүшелері белсенділігін арттырады,
жүрек бұлшық еті жұмысын белсендіріп, веналық қан айналысын
жылдамдатады, тыныс алу тереңдігін ұлғайтады, лимфа айналы-
мын күшейте, ұлпалардың ісінуінің алдын алады. Нәтижесінде ішкі
мүшелердің жұмыс істеу қабілеті жақсарып, өзін сергек сезінген
адамның еңбекке деген ынтасы да артады. Таңертеңгілік гигиеналық
жаттығуларды келесі принциптерге сүйене отырып істеген жөн. Ең
бастысы – жалпы бұлшық ет атаулының, дененің неғұрлым көбірек
қозғалысқа түскені дұрыс. Жаттығулар бірте-бірте күрделене

           458

⇐ МАЗМҰНЫ
   453   454   455   456   457   458   459   460   461   462   463