Page 459 - indexf
P. 459

түсуге тиіс: бірақ бұл алғашқы жаттығуларға қатысты емес. Әйтсе
де жаттығу комплексін аяң жүрістен бастайды. Аяң кезінде адам
организміне үлкен күш түспесе де, жүйке орталықтары біртіндеп
қалыпты деңгейге келеді де, тыныс алу органымен жүрек өз қызметін
қайтадан жандандырады. Жаттығуды керілуден бастауға да бола-
ды: бұл нұсқа көбіне денсаулығы нашар, қартаң адамдарға дұрыс.
Мұндай жағдайда аяңдау екінші жаттығудың орнына жүреді. Одан
кейінгі жаттығулар анатомиялық принцип бойынша бүкіл дененің
бұлшық еттерінің әртүрлі бөліктеріне қаншалықты әсер ететіндігіне
қарай таңдалып алынады. Таңертеңгілік дене жаттығулары су про-
цедураларымен ұштасса, ол тері рецепторларына әсер ете отырып
организмнің шынығуын қамтамасыз етеді.

    Соңғы уақытта ақыл-ой мен дене еңбегі өнімділігін артты-
рып, кәсіби аурулардың азаюына әкелетін өндірістік гимнасти-
ка кең таралып келеді. Жұмыс бастар алдында кіріспе гимнасти-
каларын қолдану организмнің бабына келуіне әкеледі, кішкене
дене шынықтыру (физкультура) минуты мен үзілістері белсенді
тынығудың жақсы жолы болып табылады, ал қалпына келтіру гим-
настикалары жұмыстан кейін организмнің қалпына келу үдерістерін
жақсартады. Оқушылар сабақтан кейін орындайтын өндірістік
гимнастикалар кешені 1 ауысымда 1-2 рет болатын 3-7 минуттық
бірнеше жаттығулардан тұрады. Әсіресе, аталмыш гимнастикалар
ұзақ отырып, қолдың ұсақ бұлшық еттерінің қатысуымен монотон-
ды жұмыс істейтін сағат зауыттарына, тігін фабрикаларына, ком-
пьютер залдарына, кеңселерге және мектептерге (әсіресе, 1-4 сы-
нып) аса қажет. Өндірістік гимнастиканың мақсаты – жұмыстан
кейін бұрынғы күйге жетудің маңызды әдісінің бірі активті тынығу.
Активті тынығу феноменін, яғни активті әрекеттен демалыс кезінде
жұмыс қабілеттілігінің жоғарылауын И. М. Сеченов ашқан болатын
(активті тынығу туралы 5-тарауда толығымен баянадалған).

    Емдік гимнастика адам денсаулығының қалпына келуін
қамтамасыз етеді. Ол сырқаттың түріне байланысты тар көлемді ар-
найы бағытталған болады.

    Қазтабанмен, күрекшемен жүзу және судағы гимнастика – ем-
деу және алдын алу мақсаттарында дене жаттығулары мен судың
температуралық әсерінің үйлесуі. Суда болу жылу берілу мен зат ал-
масуды айтарлықтай жоғарылатады, гемодинамиканы белсендіреді.

    Жүзу мен суда дене жаттығуларын орындау, судағы ойындар

           459

⇐ МАЗМҰНЫ
   454   455   456   457   458   459   460   461   462   463   464