Page 460 - indexf
P. 460

организмге жалпы әсер етеді, зақымдар, контрактура, каксартроз,
т.б кезінде буындардың қозғалысын жақсартады, бұлшық еттердің
жаттығу дәрежесін арттырады, ауырсыну синдромдарын жояды, со-
нымен қатар 26-28,5°С су температурасы кезінде шынықтырғыш
фактор ретінде әсер етеді және температура 38°С жоғары болғанда
бұлшық еттердің релаксациясын тудырады.

    Гидрокинезотерапия веналардың варикоздық (түйнеліп кеңеюі)
аурулары, остеохондроз, семіздік, колит, холецистит, қант диабеті
және т.б. аурулар кезінде қолданылады. Судағы сабақ 15-45 минут-
тан аптасына 3-4 рет жүргізіледі. Жүктеме мөлшері, жаттығуларды
қайталануы, олардың саны және т.б. біртіндеп ұлғайтылып отырады.

    Тренажерда (жаттығу жабдықтарында) орындалатын
сабақтар

    Соңғы жылдары алдын алу, сауықтыру дене шынықтыруда және
реабилитация жүйесінде де сол немесе басқа сегментке, мүшеге,
физиологиялық жүйеге және т.б. мақсатты түрде әсер етуге мүмкін-
дік беретін тренажерлар кең қолданысқа ие болды. Тренажерлардың
аса құндылығы жаттығуларды күші, темпі, қозғалыс амплитудасы
бойынша мөлшерлеудің мүмкін болуында жатыр. Оларды үйге,
мектепке, жұмыс кабинетінде және т.б. орналастыруға болады. Бұл
жаттығу жабдықтары бұлшық еттің күші мен төзімділігін дамыту
және гиподинамия салдарын, яғни бұлшық еттік ашығуды жоюға
арналған.

    Тренажерларда орындалған жаттығулар буындар мен бұлшық
еттердің белгілі бір (жеке) тобына әсер етеді. Сонымен қатар мұндай
жаттығуларды орындау белгілі бір бастапқы қалыпты талап етеді.
Әртүрлі жаттығу жабдықтарында жүргізілген сабақтар буындардағы
негізгі қозғалыстардың дамуына және бұлшық еттің нығаюына
әкеледі. Тренажерларда дұрыс ұйымдастырылған сабақтар ауыруды
сезінуді тудырмауы тиіс.

    Ойындар адамның дене белсенділігін жоғарылатады, халықты
жаппай сауықтыруға әкеледі, сонымен қатар мидың шығармашылық
мүмкіндіктерін, экстраполяция, байқампаздық қасиеттерін, уақыт
тапшы жағдайларда ақпараттың өңделу қабілетін дамытады. Мек-
теп жасына дейінгі және төменгі мектеп жасындағы балаларда дене
сапаларын дамыту мен қимыл дағдыларын қалыптастыру үшін
имитациялық (еліктеу) ойындардың маңызы зор. Ересек тұрғындар
арасында ойындар белсенді тынығу мен қолы бос уақыттарын өткізу
жолы ретінде кең тараған.

                                      460

⇐ МАЗМҰНЫ
   455   456   457   458   459   460   461   462   463   464   465