Page 461 - indexf
P. 461

Спорттық ойындар қозғалыс белсенділігін жақсы дамытқанымен
де, алайда, олар шаңғы спортымен, жүзумен, ескек есумен және т.б.
бәсекеге түсе алмайды. Спорттық ойын түрлерін, әсіресе, баскет-
бол, теннис, қол добын импульсивті-жылдамдықты жаттығулар
(ациклдік, стандартты емес-үзілістік (ситуациялық) жаттығуларға)
типіне жатқызуға болады, олар организмнің функциялық күйін
айтарлықтай жоғарылатпайды.

    Теннис – ашық алаңда және ғимаратта ойнауға болатын жауап
соққыларынан тұратын ойын. Ол біріне бір (жалғыздық ойын) неме-
се екіге екі ойналатын (жұптық ойын) спорттың бұл түрі үшін жүгіру,
секіру, бұрылу, айналу, бүгу, түзеу, соғу, сермеу және т.б. сынды сан
алуан қозғалыстар тән. Теннис – табиғи интервалды жүктемелерге
белгілі физиологиялық көрсеткіштері тән жоғары қозғалмалы ойын.

    Тенниспен ерлер мен әйел адамдар да жасы ұлғайған шаққа
дейін шұғылдана алады.

    Бадминтонды кез келген жерде ойнауға болады және ол барлық
жас кезеңдеріндегі адамдар үшін қолжетімді. Бұл ойын үшін арнайы
дайындық және арнайы білім қажет емес. Бадминтонмен айналысу
шапшаңдақтың, ептіліктің, иілгіштіктің, көру өткірлігінің, реакция
дәлдігінің, шыдамдылықтың, сонымен қатар спорттық-техникалық
дағдылардың дамуына әкеледі. Осыған орай бадминтон көптеген
спорт түрлерінің құрамдас бөлігі мен сауықтыру жолдары болып та-
былады.

    Стол теннисi – арнайы ережелерге сәйкес ойын столының үстiн-
де жұмыртқа тәрiздес шарды қалақшаның көмегiмен ұрғылап ойнауға
негiзделген спорт түрi. Ол шапшаңдық реакциясын, төзімділікті,
ептілікті, сонымен қатар техника-тактикалық әрекеттерді басқаруда
реактивті және координациялық қабілеттерді дамытады.

    Стол теннисі белсенді тынығудың маңызды факторы болып та-
былады, себебі онымен әртүрлі жастағы адамдар ойнай алады.

    Қашпа доп (лапта) шапшаңдық, ептілік, қозғалыс координация-
сы мен басқа да дене сапаларының дамуына ықпал етеді.

    Ойынның негізгі элементі – бағытты өзгертіп отыра жүгіру.
Жүктеме жылдамдық, темп, жүгіріп өтілген жердің ұзындығы мен
жаттығу дәрежесіне байланысты, энергия шығыны 3500-4000 ккал
құрауы мүмкін. Жүгіру кезінде ЖЖЖ 160-190 екп/мин-қа жетуі
мүмкін. Ойын үдерісінде көру, есту, тепе-теңдік анализаторларының

           461

⇐ МАЗМҰНЫ
   456   457   458   459   460   461   462   463   464   465   466