Page 462 - indexf
P. 462

жетіле түсуі орын алады. Көру қабылдауы негізінен алаңдағы
ойыншының әрекеті мен жүріс-тұрысын анықтайды.

    Спорттық ойындар үдерісінде ептілік, қозғалыс координация-
сы мен моторика қалыптасады. Секіру, лақтыру, бүгу, жазу, ай-
налу, бұрылу, жұлқа көтеру (серпу), көтеру және т.б. әрекеттер
шұғылданушының өсуіне, дамуына және сымбатына жағымды
ықпал етеді.

    Қазіргі дене тәрбиесінде ойындар кең қолданысқа ие және олар
дене жаттығулары арасында белсенді тынығудың айтарлықтай
бөлігін құрайды.

    Туризм – (франц. tourіsme, tour – серуендеу, жол жүру) – табиғат
аясында сан алуан табиғи қимыл әрекеті, адамның бос уақытындағы
саяхаты, белсенді тынығудың бір түрі. Туризм – халықтың
рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, жүйке жүйесін,
күш-қуатын қалпына келтіру, т.б.) қанағаттандырудың ең тиімді
жолы. Туризм адамдардың қарым-қатынасын, танымдық қабілетін
арттырып, мәдениет пен өнердің дамуына, ел экономикасының
өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, ел мәртебесін әлемге танытуға
мүмкіндік туғызады. Ел ішінде саяхат жасау ішкі (ұлттық) туризм,
ал шетелге саяхатқа шығу халықаралық (шетелдік) туризм; саяхат
мақсатына қарай: экологиялық, ойын-сауық, танымдық, спорттық,
балалар туризмі; әлеуметтік мақсатына қарай: іскерлік (конгресс,
жәрмеңке), этникалық, діни туризм болып бөлінеді. Спорттық туризм
түрлеріне су, тау, жаяу, шаңғы және велотуризм жатады. Туризмнің
сауықтыру ықпалы 3 маңызды факторларға: сыртқы орта, климаттық
жағдай (көктем, жаз, қыс, күз) және әрекет түрлеріне (жаяу, шаңғы,
су және т.б.) байланысты.

    Жаяу жорықтардың аса маңызы зор. Олар кез келген ауа
райы мен жыл мезгілінде барлық жастардағы адамдарға арналған
белсенді тынығу ретінде қолданылады. Осыған орай жаяу жорықтар
сауықтырудың жақсы жолы болып табылады. Туристер көбіне, биіктік
айырмасы 500-1500 м болатын, 5-7 км/сағ. жылдамдықпен күніне
20-60 км жүріп өтеді. Эстетикалық-танымдық жорық 4-5 км/сағ.-қа
тең орташа жылдамдықпен жүзеге асырылады және психологиялық
босаңсу, демалу әсерін тудырады. 31-кестедетуристік маршруттарға
тән ұзақтық, темп пен жорық ұзындығы көрсетілген.

           462

⇐ МАЗМҰНЫ
   457   458   459   460   461   462   463   464   465   466   467