Page 463 - indexf
P. 463

31-кесте
Маршруттардың ұзақтығы және қозғалыс жылдамдығы

Жас, жылмен Біркүндік Көпкүндік Жылдамдық, Жүк, кг

               жорық, км жорық, км/  км/сағ

                      күн

10-12          10-12  8-10           3       3

12-14          12-18  10-15          3-4     4

15-18          15-25  12-20          4 5-7

18 жастан      20-40  15-30          4-5 6-10
 жоғары

  18 жастан    20-60  15-30          5-7 6-10
жоғары спорт-
шы-туристер

    Жүрістің ең үнемді темпі 4 км/сағ.-қа тең. Ұзақ жүктемелер
кезінде темп мүмкіндігінше тұрақты болып қалу керек, себебі
темп алмастыру мен жиі аялдау тез қажуды тудырады. Көп күндік
жорықтарда әрбір 3 немесе 4-күндер тынығу күні болу қажет.

    Велотуризм үшін кез келген жол велосипеді жарайды.
Велосипедшінің кеудесі тек сәл алдыға еңкейіңкі болады, ал егер
иық белдеуінде ауырсыну сезімдері туындаса, бұл дене қалпының
дұрыс болмауымен байланысты. Мұндай жағдайларда рөлді біраз
жоғарылатып орнату керек.

    Жол қалыпты жағдайда болған кезде, яғни өрге көтерілмейтін
тегіс жолдарда кәдімгі велосипедпен велосипедші-турист
15-18 км/сағ. орташа жылдамдықпен жүре алады.

    Су туризмі
    Турист өзенмен жорыққа шығарда қайықты басқара және жүзе
алуы керек. Қатерге толы туристік саяхат тау суларымен сал немесе
қайық ағызу болып табылады.
    Жиналмалы байдаркада (жіңішке әрі жеңіл жарыс қайығында)
немесе еспелі шлюпкада (кішкентай қайықта) маршрут ұзақтығы
30-40 км болады. Үлкен көлдер мен су жағасында көбіне, оқу
қайықтарын қолданады.
    Жолай соғылған жел кезінде туристер желкенді қайықтарды
қолданғанды жөн санайды. Желкенді қайықтармен туристік
жорықтардың басым бөлігі үлкен көлдер немесе теңіздерде өтеді.

                      463

⇐ МАЗМҰНЫ
   458   459   460   461   462   463   464   465   466   467   468