Page 464 - indexf
P. 464

Шаңғы туризмі
    Таза ауа мен қозғалыс денсаулыққа қолайлы, жағымды ықпал
етеді. Орманда, бақта шаңғымен серуендеу адамдарға денсаулық
пен сергектік әкеледі. Жаздағы туристік жорықтарға қарағанда
шаңғымен серуендеу көбірек құндырақ болып келеді.
    Қысқа аялдамалар кезінде жол дорбаны шешудің қажеттілігі
жоқ, ал шаңғылар шешіледі. Балалармен бірге жорықтарда жылы
жерлерде, бөлмелерде дем алу керек.
    Таяу туризм
    Көбіне, бұл жаяу серуендеу 1-3 және одан көп күндерге созыла-
ды, олар тұтас организмді жаттықтыру әдісі ретінде қарастырылады.
Жақын (таяу) туризм санаторий-курорттық емдеуде, сонымен қатар
туристік базаларда қолданылады. Серуендеу қайықпен, велосипед-
пен, атпен және т.б. жүргізіледі. Жер бедерінің ауысымы, күн мен
ауа ванналары (ауада желпіну) барлығы организмнің физиологиялық
жүйесі мен психикасына жағымды әсер етеді.
    Терренкур арнайы ұйымдастырылған маршруттар бойымен
уақыты мен қашықтығы мөлшерленген жаяу жүріспен емдеу. Тегіс
жерлерде серуендеуден айырмашылығы терренкур маршрутына
санаторий-курорттық аймақтар, бақтар, ормандар және т.б. жерлерді
басып өту кіреді. Дене жүктемесінің көлемі маршрут ұзындығына
(көбіне, 500, 1500, 2000, 3000 м), жер бедеріне, темп (қарқынға), аял-
дама санына байланысты. Терренкур кардиореспираторлық жүйелер
ауруларында, неврозда, эндокриндік ауруларда, семіздікте, егде
жастағы адамдарға және салауатты өмір салтын ұстанатындардың
барлығына ұсынылады.
    Спорт жарысумен байланысты болғандықтан, жоғары спорттық
жетістіктерге жету барысында организмді жүйелі дайындауды
қажет етеді. Жаппай спортпен шұғылданудың айтарлықтай шама-
да сауықтыру әсері бар, ал оған өз кезегінде спорттық жаттығуды
тиімді ұйымдастырғанда, жаттығу сабақтары мен тынығу режимі
дұрыс таңдалып алынғанда, дене жүктемелерін жеке даралауда (ин-
дивидуализациялауда) ғана қол жеткізе аламыз.
    Еліміздің тәуелсіздік алуымен байланысты соңғы уақытта
сауықтыру мақсатында қазақтың ұлттық спорт түрлері кең наси-
хатталып келеді. Мәселен, асық, ат спорты (көкпар, бәйге, қыз қуу),
саятшылық, қазақша күрес жастар арасында зор қызығушылық
тудыруда. Қазақтардың тәрбиелік дәстүрлі мәдениетінің

           464

⇐ МАЗМҰНЫ
   459   460   461   462   463   464   465   466   467   468   469