Page 465 - indexf
P. 465

қайта жаңғыртылуының бір шарты болып табылатын ұлттық
спорт түрлерінің, ұлттық қимыл-қозғалысты ойындарының,
дене жаттығулары мен сайыстарының қалпына келтірілуі
мен жүйелендірілуіне басым көңіл бөлу қажет деп санайтын
Е. Қ. Төлегенов, Х. Қ. Унтаев (2010) еңбектерінде қазақ ұлттық дене
шынықтыруының педагогикалық мәні мен оның дене дайындығы
дағдыларын қалыптастырудағы рөлі зерттелінген.

    Қазақ ұлттық ойындары түріндегі төзімділік, шапшаңдық,
жылдамдық-күш және күш сияқты дене сапаларын дамытуға
бағытталған дене жаттығулары бойынша дене жүктемелері және
олардың балалар организмдеріне ықпалы зерттелінген.

    Зерттеу нәтижелері шапшаңдық-жылдамдықты дамытуға
арналған жаттығуларды орындағаннан кейін жүрек қан-тамырлары
жүйесінің көрсеткіштерінің тез қалпына келетіндіген көрсеткен.
Сонымен қатар 3 минутта жүрек жиырылуының жиілігі 72%, ал
пульстік қысым 76% төмендеген. Әрі қарай қалыпқа келу үдерісі на-
шарлап, 15 минутта дегенде жүрек жиырылуының жиілігі 8% ғана
көтерілді, ал артериялық қан қысымы толығымен қалыпқа келген.

    Бір орнында 10 секунд жүгіруді бірнеше рет қайталағанда, ер ба-
лалар арасында алғашқы төрт рет қайталануында бұлшық еттерінің
жұмысқа қабілеттілігі тұрақтылықты көрсеткен. Төртіншіден кейін
ғана қимылдың жиілігіне сәл ауытқушылық (максималдыдан 5%)
байқалған, ал бесіншіден кейін айтарлықтай өзгеріс байқалып, бұл
көрсеткіштердің төмендеп кеткенін байқалған. 9 рет қайталағанда
максималды жиілілікпен әрекет жасағанда нәтиже 19%-ға
төмендеген.

    Жүрек қан-тамырлар жүйесінің бұл жүктемеге реакция-
сы алғашқы төрт серияда ЖЖЖ 93% артқанымен анықталса, ал
төртіншіден жетіншіге дейін оның 112% артқаны, тек тоғызыншыдан
кейін ғана ЖЖЖ кейбір өзгерістері байқалған (5% төмендеуі).
Бұлшық еттерінің жұмыс қабілетінің PWC170 төмендеу кезеңінде
ЖЖЖ кенеттен арта түсуі орын алған. Дәл осындай өзгеріс
артериялық қан қысымынан да көрінген. Мәселен, бесінші рет
қайталанғаннан кейін пульстік қысым 62% артқан, ал бесіншіден
жетіншіге дейін алғашқыға қарағанда 90% артқан.

    Ғалымдар алынған нәтижелерді физиология салаларындағы
жетекші мамандармен кеңесе талдай отырып, тәжірибеге алынған
топтардағы ер балалардың қазақ ұлттық дене жаттығулары

           465

⇐ МАЗМҰНЫ
   460   461   462   463   464   465   466   467   468   469   470