Page 466 - indexf
P. 466

енгізілгенсабақтардың әсерінен жүрек ырғақтарында да жағымды
өзгерістер көрсеткен. Бұндай өзгерістер Р. М. Баевский мен
Р. Е. Мотылянская (1986) пікірлері бойынша симпатикалық үдеріс-
тің төмендегенін және жүрекке парасимпатикалық әсердің артқанын
көрсетіп, организмнің өсіп келе жатқан бұлшық ет жүктемелеріне
тез бейімделуіне себеп бола алады. Ал бақылауға алынған ер бала-
ларда бұндай өзгерістер байқалмаған (Е. Қ. Төлегенов, 2010).

    Жоғарыдағы ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижелері қимыл-
әрекетті дамытуға бағытталған өз бетінше жүргізілетін сабақтардағы
қазақ ұлттық дене жаттығуларын және ойындарын ұтымды пайдала-
ну өте жақсы нәтиже беріп, жалпы өсіп келе жатқан жас организмнің
дұрыс дамуына тиімді әсер ететіндігін дәлелдеп көрсеткен.

Сауықтыру дене шынықтыруы кезіндегі энергия шығыны

    Энергия шығыны маршрут түріне, күрделілігіне және
қозғалыстың қарқындылығына байланысты. Мәселен, тыныштық
күйге қарағанда, салмағы 15 кг дейін болатын жолдорбаны арқалап,
орташа темпте жүру кезінде энергия 5 есе артық жұмсалса, ал 10 км/
сағ.-қа дейінгі жылдамдықпен жолдорба арқаламай шаңғымен жүру
кезінде 10 есе көп шығындалады.

    Тау туризмі бұдан да көп энергия жұмсалуына әкеледі, бұл
спортшының жеке жабдықталуына, орта немесе жоғары биіктікке
орай оттегі жетіспеушілігіне, қалың қар және т.б. көптеген
факторларға байланысты.

    Неғұрлым аз энергия шығыны су туризміне тән.
    Адам салыстырмалы дене тыныштығы күйінде (отырғанда,
тұрғанда) орта есеппен, 1,0-1,25 ккал/мин. энергия шығындайды.
Бұл мөлшер адам бойына, дене салмағына, жынысына және ауа тем-
пературасына байланысты ауытқып отырады.
    Денсаулықты сақтау, жоғары жұмыс қабілеттілігін ұстап тұру
және тотығу алмасу үдерістерінің қалыпты өтуі үшін адам қимыл
белсенділігіне көбіне, 1600-1800 ккал болатын негізгі алмасудан тыс
шамамен, 1200-2000 ккал жұмсау керек.
    Дене жүктемелерінің қарқындылығы дәрежесі мен олардың
көлемі қимыл белсенділігі режиміне сәйкес келу қажет. Дене
шынықтыру сабақтары кезінде энергия шығынын есептеуде жүктеме

           466

⇐ МАЗМҰНЫ
   461   462   463   464   465   466   467   468   469   470   471