Page 468 - indexf
P. 468

33-кестенің жалғасы

77 2,10 98 4,72 119 7,47 140 9,97 161    12,60
78 2,22 99 4,85 120 7,60 141 10,10 162   12,72
79 2,35 100 4,97 121 7,72 142 10,22 163  12,85
80 2,47 101 5,10 122 7,85 143 10,35 164  12,97
81 2,60 102 5,22 123 7,97 144 10,47 165  13,10
82 2,72 103 5,35 124 8,10 145 10,60 166  13,22
83 2,85 104 5,47 125 8,22 146 10,72 167  13,35
84 2,97 105 5,60 126 8,22 147 10,85 168  13,47
85 3,10 106 5,72 127 8,35 148 10,97 169  13,70

    Табалдырықтық дене жүктемесі кезінде орын алған ЖЖЖ,
электрокардиографиялық көрсеткіштер, артериялық қан қысымы
дене жүктемелерін (жүру, жүгіру, ойын және т.б. дене шынықтыру
түрлерін) мөлшерлеп беруде бастапқы мәліметтер болып табылады.

    Сауықтыру дене шынықтыруының адам организмі
функциялық күйі мен бейарнайы төзімділігіне ықпалы.

    ДДСҰ анықтамасы бойынша «Денсаулық – физикалық, рухани
және әлеуметтік толық аман-есендік». Сондықтан денсаулық сақтау
ісі – физикалық, психикалық, рухани және әлеуметтік жағдайларға
жіктеледі.

    Бүгінгі таңда Қазақстанда күн тәртібінде тұрған әлеуметтік
маңызы зор мәселенің бірі – халық денсаулығы. Адам денсаулығы-
ның мән-маңызына қазақ халқы ежелден көп көңіл бөлген; күнделікті
өмірде денені күтіп ұстауға, тазалық сақтауға, дұрыс тамақтануға
да өте қатты мән берген. Қазақ халқының «Бірінші байлық –
денсаулық», «Дені саудың – жаны сау», «Жаны саудың – тәні сау»
деген мақал-мәтелдері адам денсаулығын күтуде терең тәрбиелік
және философиялық маңызын осы күнге дейін жойған жоқ.

    Денсаулықты сақтау, сауықтыру адамзаттың ерте заманнан
көкейкесті мәселесі болды. Содан бері бірнеше әртүрлі сауықтыру
жүйелері қалыптасты.

    Дене жаттығуларын орындау адам организмі үшін:
    1. Арнайы әсер, яғни сол бір дене жүктемесіне бейімделу;
    2. Бейарнайы, қосымша әсер – сыртқы ортаның қолайсыз
жағдайларына төзімділікті арттыру сияқты екі түрлі ықпалға ие.
    Дене жаттығулары денсаулықты нығайтып, дененің өсуі мен да-

           468

⇐ МАЗМҰНЫ
   463   464   465   466   467   468   469   470   471   472   473