Page 469 - indexf
P. 469

муына, жүйке жүйесінің қызметіне, адамның бір қалыптан екінші
қалыпқа ауысу жылдамдығына, тірек-қимыл жүйесінің өсіп-
жетілуіне, оның қызметінің дамуына, қимыл-қозғалыстарының
дұрыс бағытталуына, тіпті адамның ақыл-ой қабілетінің артуына да
барынша ықпал етеді. Спорт ойындары мен жаттығулары арқылы
жүйке жүйесінің қозу және тежелу қасиеттері реттеліп, шектеліп,
бағытталады. Дене жаттығулары бұлшық еттердің қан айналы-
сын жақсартып, олардың жұмысына қажетті қоректік заттармен
қамтамасыздандыру күшейеді де, адамның жұмысқа қабілеттілігі
артады. Дене шынықтыру жаттығуларымен жүйелі түрде, яғни апта-
сына 6-8 сағаттан кем шұғылданбайтын адамдар сирек сырқаттана-
ды және оларда инфекциялық аурулар асқынусыз жеңіл әрі жыл-
дам өтеді. Спортшылардың салқын тию, қызып кету, радиация
әсерлеріне төзімділіктері жоғары болғанымен, алайда ашығу мен
кейбір улы (калий цианиді) заттарға нашар төзе алады. Организмнің
неғұрлым аэробты мүмкіндіктері жоғары болған сайын, соғұрлым
өлім-жітім көрсеткіштері төмен болатыны анықталған. Ер адамдар-
да салыстырмалы ОМП жеке дара мөлшерінің 2 есе жоғарылауы
кезінде өлім-жітім шамамен, 3 есеге төмендесе, ал әйелдерде ОМП
1,5 есе артуы өлімді 2 есеге кеміткен. Жануарларға жүргізілген
зерттеу нәтижелері де жаттығу кезінде бейарнайы төзімділіктің
артатындығын көрсетеді. Жаттықтырылмаған егеуқұйрықтардан
тұратын бақылау тобымен салыстырғанда (жүзумен, статикалық
жүктемемен) жаттыққан егеуқұйрықтар тобында төзімділік гипок-
сия әсеріне (13 км биіктікте дірілдеу туындау уақыты бойынша)
1,5 есе, хлороформмен улануға (тірі қалғандары пайызы бойынша)
1,5 есе, сәулелендіруге (рентген сәулелерінің өлім тудыратын доза-
ларын 4 мәрте ұлғайтқанда) – 4 есе жоғарылаған. Сонымен қатар
зерттелуші топта 70°С температурада өмір сүру ұзақтығы бойын-
ша қызып кетуге және 5°С кезінде дірілдеудің басталуына дейін
анықталған салқындауға төзімділік байқалған.

    Ұдайы денесін шынықтырып жүрген адамдардың ауруға төзімді
болатыны байқалған. Мысалы, Луи Пастер миына қан құйылып
ауырғанымен, дене шынықтырудың нәтижесінде тағы да 30 жыл
өмір сүріп, қызметінің белсенділігін төмендетпей, ғылымға көптеген
жаңалықтар енгізген. Н. А. Морозов 25 жыл түрмеде отырғанда ту-
беркулез, цинга, ревматизм ауруларына шалдығуына қарамастан 93
жыл өмір сүрген, өйткені дене шынықтырудың нәтижесінде оның
организмнің төзімділігі өте жоғары болған (Қ. Дүйсембин, 2007).

                                      469

⇐ МАЗМҰНЫ
   464   465   466   467   468   469   470   471   472   473   474