Page 473 - indexf
P. 473

сай шектеп, дұрыс жағдай тудыру мектепке дейінгі және мектептер
мен жоғары білім беру мекемелеріндегі тәрбие бағдарламасының
негізі болуы тиіс. Жалпы алғанда, дене шынықтыру денсаулықтың
әлеуметтік көрсеткіші екенін естен шығармау керек. Оны елдің,
халықтың мәдениет көрсеткішінің материялық негізі, өмір
салтының экономикалық, әлеуметтік-психикалық көрсеткіші деп
қараған жөн. Қазақстан мектептерінде дене тәрбиесі сабағы апта-
сына 3 сағат өткізілетін болуы – жоғарыда айтылып өткен көптеген
ауытқулардың, гиподинамияның алдын алу, салауатты өмір салтын
насихаттау мақсатында атқарылған шаралардың бірі.

           Дене салмағы және спорт

    Адамның дене салмағы оның бойына, жасына, жыныс
ерекшелігіне және денсаулығына байланысты екендігі белгілі.
Артық салмақ денсаулыққа зиян. Бұл қан қысымын жоғарылатуға,
жүрек сал ауруларына, бүйрек, өт жолдарында тас пайда болуы-
на, қант диабетіне (сусамыр), аяқ-қол артритіне, буындар, әсіресе,
тізе ауруына, аяқтың қан тамырлары сыздауына, тромбоз пайда
болуына, дененің әртүрлі жерлеріне май жиналуына, денедегі зат
алмасудың өзгерістеріне және басқа да сырқаттарға шалдықтыруға
әкеп соқтыруы мүмкін. Н. Приходько, М. Лукьяненко зерттеулерінде
ер адамның салмағы 13%-ға артқанда оның өмірі 10% қысқаратыны,
20%-ға артқанда 25%, 30%-ға артқанда 42% қысқаратыны
анықталған.

    Спортпен шұғылдануға қолайлы қажетті дене салмағы
    Қазіргі кезде антропометриялық көрсеткіштерді пайдалана оты-
рып, қалыпты массаны анықтау үшін көптеген төмендегідей индекс-
тер қолданылады. Мұндай индекстер анатомиялық-физиологиялық
негізделмегендіктен көбіне олар халықты жаппай тексеру кезінде,
секцияларға сұрыптау, т.б. жағдайларда қолданысқа ие.
    Брок-Бругш индексі
    Қалыпты салмақ = (бой ұзындығы (см) – 100) – 10.
    Мұнда бойға байланысты алынатын мән төмендегідей болады:
    155-165 см бойлы адамдар – 100,
    166-175 см бойлы адамдар – 105,
    175 см жоғары бойлы адамдар – 110.

           473

⇐ МАЗМҰНЫ
   468   469   470   471   472   473   474   475   476   477   478