Page 472 - indexf
P. 472

деңгейі әрқашан жүзеге аса бермейді. Балабақшаларда, әсіресе,
мектептерде балалар мен жасөспірімдердің қимыл белсенділігінің
айтарлықтай тапшылығын сезінуі аурулардың артуына, семіздікке,
жалпақ табандылыққа және т.б. денсаулық күйінің ауытқуларына
әкеп соғады.

    Аталмыш ауытқулардың алдын алу мақсатында қолданылатын
дене жаттығуларының организмдегі қан айналысын жақсартып,
жұмысқа қабілеттілікті арттыратыны белгілі. Алайда, балалардың
жүйке жүйесінің қозуы тежелуінен басымырақ болғандықтан,
дене жаттығулары мен спорт ойындары кезінде олар тез шар-
шайды, ынтасы мен зейіні төмендейді, көңіл-күйі тұрақсыз бо-
лады. Сондықтан бұлшық еттерді біркелкі дамыту, шаршатпай,
олардың күрделі қимылдарын арттыру үшін дене шынықтыру
балалардың жасына лайықталуы тиіс. Бұл жағынан мектептегі дене
шынықтыру сабақтарына осы күнге дейін жеткілікті дәрежеде
мән берілмейтіндіктен, көпшілік жағдайларда сабақ оқушылардың
өзін-өзі дамытуға емес, қалыптасқан талаптарды орындауға
бағытталғандықтан біржақты өтеді де, балалардың қанағаттанба-
уына есірткі қабылдауға немесе басқаша қоғам талаптарына сай
келмейтін қызығушылықтардың пайда болуына себепші болып,
денсаулықты нығайтудың орнына ауру тудырады.

    Организмнің қызметтік мүмкіндіктерін жоғарылатуға,
денсаулықты сақтауға, кәсіби психика-физиологиялық ерекшелік-
терінің, дене сапасының дамуына және қимыл дағдыларының
қалыптасуына кәсіби-қолданбалы дене дайындығы ықпал етеді.
Дене тәрбиесі арқылы жұмысшы халықтың кәсіби қызметке, әскери
еңбекке бейімделуі міндеттері шешіледі. Мысалы, жүзу, акробати-
ка, гимнастика, спорттық ойындар көмегімен адамның тепе-теңдік
қасиетін жоғарылатудың ұшқыштар, ғарышкерлер үшін маңызы зор.
Ситуациялық спорт түрлері арқылы дамитын реакция шапшаңдығы,
жоғары сезім мүшелерінің дәйектігі, ақпараттың қайта өңдеу
жылдамдығы оператор, радиотелеграфист, машинист мамандары, ал
күш пен төзімділік дамуының жоғары деңгейі геологтар үшін қажет.

    Дене шынықтыру мәселелері елдің, халықтың әлеуметтік
жағдайларына байланысты. Дене тәрбиесі гигиенасын, жағдайларын,
әсерін, дене шынықтырумен айналыса білуді балалар мен жастардың
санасына жеткізу ата-аналардың, тәрбиешілер мен мұғалім-
ұстаздардың басты міндеті. Жаттығулар мен спорт ойындарын жасқа

           472

⇐ МАЗМҰНЫ
   467   468   469   470   471   472   473   474   475   476   477