Page 475 - indexf
P. 475

жету дене мөлшері, дене бітіміне көп байланысты. Дененің таза
салмағы мен организмдегі май мөлшерінің де маңызы зор. Әр
спорт түрі үшін идеалды дене типі бірдей болмайды. Мысалы, алыс
қашықтық желаяқтары үшін дене массасының минимум мәнге ие
болуы маңыздырақ болса, ал «неғұрлым қуаттырақ болса, соғұрлым
жақсырақ» қағидасын ұстанатын «сумо» күрескерлері барынша
салмақтарын арттыра түсуге тырысатыны белгілі, яғни күш пен
қуаттылықты талап ететін спорт түрлерінде таза дене салмағының ар-
туы құптарлық болса, циклдік спорт түрлерінде артық дене салмағы
спорттық нәтижелерге теріс әсер етеді. Кейбір спорт түрлерінде,
мысалы, футболда спортшылар әртүрлі салмақпен де жетістіктерге
жетіп отырады. Ал басқа спорт түрлерінде, мысалға күресте дене
массасына қатаң талаптар қойылып отырады. Осыған орай көбіне,
спортшылар жарысқа қатысу үшін қысқа уақыт аралығында салмақ
«қууға» тырысып жатады. Көпшілігі оның денсаулыққа, болашақ
спорттық әрекеттеріне ықпалын толық білместен ауыр диеталарға
«отырады», ашығады. Өте төмен калориялы «қатаң» диеталар
кезінде дене массасының көп бөлігі майды емес, суды жоғалту
арқылы жүзеге асады. Мұндай диеталар көмірсуларды пайдалану-
ды шектеу салдарынан олардың организмдегі қорларының түгесілуі
орын алады. Көмірсулармен бірге судың көп мөлшері жоғалып,
дегидратацияға әкеліп соғады. Организмнің энергия көзі ретінде
бос май қышқылдарын пайдалануға көшуі кетозға әкеледі, ал бұл
суды жоғалтуды одан әрі күшейте түседі. Ашығу немесе төмен ка-
лориялы диеталар, резіңкелі киімдер киіп дене жүктемелерін орын-
дау, саунаға бару, сұйықтық қабылдауды максималды шектеу, т.б.
су мөлшерін айтарлықтай жоғалтуға әкеліп, организмде көптеген
өзгерістер тудырады (36-кесте). Нәтижесінде:

    – қан айналымдағы қан көлемі азаяды;
    – артериялық қан қысымы төмендейді;
    – субмаксималды және максималды систолалық көлем мен мак-
сималды жүректің қан айдауы кемиді;
    – бүйректің қанмен жабдықталуы төмендейді;
    – жылу реттелу үдерісі бұзылады.
    Жедел диеталар көмегімен дене салмағын жылдам жоғалтуға
мүмкін болса, оның қайта қалпына келуі де тез болады.

           475

⇐ МАЗМҰНЫ
   470   471   472   473   474   475   476   477   478   479   480