Page 477 - indexf
P. 477

Дене мөлшері адамның бойы мен салмағынан тұрады. Таза дене
салмағы дененің барлық майсыз ұлпаларынан, яғни сүйектер,
бұлшық еттер, мүшелер мен дәнекер ұлпалардан құралады. Ал дене
құрамы деп оның химиялық және анатомиялық сипаттамасын айта-
ды. 78-суретте дене құрамының төрт моделі берілген.

                        78-сурет. Дене құрамының 4 моделі:
     1 – химиялық;
     2 – анатомиялық;
     3 – Бенке компоненті;
     4 – компоненттік (Уилмор бойынша, 1992).

    Спортшының дене құрамы дене мөлшеріне қарағанда оның
мүмкіндігі туралы барынша нақтырақ ақпарат береді. Спортшының
артық салмағы аса проблема тудырмайды, ал организмдегі
майдың тым көп мөлшері көбіне, спорттық нәтижелерге теріс
ықпалын тидіріп жатады. Жоғарыда атап өтілген бой мен салмақ
бойынша есептелетін стандартты индекстер онда дене құрамы
ескерілмегендіктен, оптималды масса туралы толық мәлімет беруге
жеткіліксіз болып табылады. Мәселен, стандартқа сай спортшының
артық салмағы болса да, оның организмінде майдың өте аз мөлшері
ғана болуы да ықтимал.

    Денситометрия әдісі арқылы спортшының дене тығыздығын (D)
есептеуге болады. Дене тығыздығын (D) дене салмағын (массасын)
дене көлеміне бөлу арқылы анықтайды: D=Mдене /Vдене.

                                      477

⇐ МАЗМҰНЫ
   472   473   474   475   476   477   478   479   480   481   482