Page 476 - indexf
P. 476

36-кесте

    Тамақтануды шектеу, сұйықтық ішпеу және жылылық
сусызданудың кейбір көрсеткіштерге ықпалы (Типтон, Оплид-

                                жер бойынша)

Зерттелінген көрсеткіштер        ықпалы

            Физикалық факторлар

Аэробты қуаттылық                төмендейді

Бұлшық ет күші                  өзгеріссіз қалады

Бұлшық ет төзімділігі            төмендейді

Бұлшық ет қуаттылығы             белгісіз

Қозғалыс жылдамдығы              белгісіз

Зорыққанға дейінгі жүгіру        төмендейді
           ұзақтығы

Орындалған жұмыс көлемі          төмендейді

     Физиологиялық факторлар

Жүректің қан айдауы              төмендейді

Қан көлемі                       төмендейді

Плазма көлемі                    төмендейді

ЖЖЖ                             жоғарылайды

Систолалық көлем                 төмендейді

Ішкі температура                жоғарылайды

Тер бөліну қарқындылығы          төмендейді

Бұлшық еттердегі су мөлшері      төмендейді

Бұлшық еттердегі электролиттер   төмендейді
               мөлшері

    Дене мөлшері, дене бітімі мен дене құрамы көбіне, генетикалық
тұқым қуалайтыны белгілі. Алайда, қалыпты дене салмағын сақтауға
бұл қатаң сөгіс емес. Егер дене мөлшері мен дене бітімін айтарлықтай
өзгертуге болмаса да, арнайы диеталар мен дене жаттығулары
арқылы дене құрамын елеулі шамада өзгертуге болады. Күштік
жаттығулар бұлшық ет массасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік
берсе, қарқынды дене жаттығуларымен дұрыс ұйымдастырылған
диета организмдегі май мөлшерін барынша азайтуға мүмкіндік
береді. Мұндай өзгерістердің жоғары спорттық нәтижелерге жету
үшін маңызы зор.

    Адамның дене бітімі:
    1.	 Бұлшық ет;
    2.	 Биіктік;
    3.	 Толықтық сияқты 3 құрамдас бөліктер бойынша бағаланады.

                                      476

⇐ МАЗМҰНЫ
   471   472   473   474   475   476   477   478   479   480   481