Page 478 - indexf
P. 478

Мұндағы дене көлемін анықтау үшін түрлі әдістер, көбіне,
спортшыны суға толық батырып анықталатын гидростатикалық
өлшеулер қолданылады. Ол кәдімгі жағдайда өлшенген салмақ пен
судың астындағы дене массасы арасындағы айырмашылық пен су
тығыздығын ескере отырып есептеледі. Дене массасының таза
тығыздығына жас, жыныс және нәсіл ықпал етеді.

    Денситометриядан басқа көптеген зертханалық: радиография-
лық, магнитті резонанс, гидрометрия (организмдегі судың жалпы
мөлшерін өлшеу), фотондық абсорбциометрия және т.б күрделі
әрі қымбат құрал-жабдықты қажет ететін әдістер де бар. Денсито-
метрия, радиографиялық әдістер дене құрамын, яғни организмдегі
майдың салыстырмалы мөлшерін, дененің таза және май массасын
нақты анықтауға мүмкіндік береді. Май қатпарлары қалыңдығын
анықтау әдісі де дене құрамын дәл анықтай алады.

    Сонымен, спортшының бойы мен салмағынан гөрі дене құрамын
білу арқылы оның спорттық мүмкіндіктерін дұрыс болжауға бола-
ды. Организмдегі майдың аса көп болуы спорт түрлерінде бұлшық
ет қызметінің төмен деңгейімен байланысты. Майдың айтарлықтай
көп мөлшері жылдамдық, төзімділік, координация, қозғалмалылық
және секіру қабілеттеріне теріс ықпал етеді. Сайып келгенде, орга-
низмде майдың мөлшері неғұрлым аз болса, соғұрлым бұлшық ет
қызметі де жоғары келеді. Алайда, бұл тұжырым ауыр салмақты-
штангашылар (зілтеміршілер), сумо күресімен шұғылданатындар
мен жүзгіштерге қатысты емес. Организмдегі май мөлшері дене мас-
сасына қарағанда бұлшық ет қызметі деңгейіне көп дәрежеде ықпал
етеді.

    Көптеген спорт түрлерінде дене салмағының стандартты
нормалары қалыптасқан. Спортшылар мен жаттықтырушылар
спортта жетістіктерге жетудің жолдарын үнемі іздеп келеді. 1940
жылдардың аяғы мен 1950 жылдардың бас кезінде бірнеше штан-
гашылар мен культуризммен айналысушыларға жүргізген экспери-
менттер нәтижелері жарық көргеннен соң анаболикалық стероидтар
көп қолданыла бастаған. Қазіргі таңда бұл спорт әлеміндегі нөмір
бірінші проблема болып табылады. Бұл салмақ түсіруге де қатысты.
Дене салмағын айтарлықтай азайту дегидратация (сусыздану), со-
зылмалы қажу, асқорыту бұзылулары, етеккір қызметінің бұзылуы
мен сүйектердегі минералдық заттар мөлшерінің ауытқуы тәріздес
денсаулыққа залал келтіруі мүмкін. Көбіне, дене массасын елеулі

           478

⇐ МАЗМҰНЫ
   473   474   475   476   477   478   479   480   481   482   483