Page 479 - indexf
P. 479

төмендету кезінде байқалатын созылмалы қажу белгілері шама-
дан тыс шыныққандық жағдайында байқалатын белгілермен ұқсас
келеді. Қажудың туындауына организмдегі тіршілікке қажетті заттар
қорының түгесілуі себепші болады.

    Дене салмағының стандартты нормалары жалпы дене масса-
сына емес, дене құрамына, атап айтқанда, организмдегі майдың
салыстырмалы мөлшеріне негізделуі тиіс. Әрбір спорт түріне
организмнің жеке дара ерекшеліктерін, әдіснамалық терістігін және
жыныс айырмашылықтарын ескере отырып, дене салмағы бойынша
стандартты нормалар жасалуы тиіс.

    Дене салмағын оңтайлы түсірудің ең дұрыс жолы тамақты
шектеп пайдаланумен қоса қозғалыс белсенділігін жоғарылату бо-
лып табылады. Адамның тәбеті организмнің калория тұтынуымен
анықталады. Американдық ғалым Уилмор бойынша егер адам
үйреншікті қимыл белсенділігінің деңгейін сақтай отырып, күніне
небәрі 100 ккал (май жағылған бір тілім нан) төмендетсе, онда дене
массасын жылына 4,5 кг-ға жуық түсіре алады. Ал егер осыған ап-
тасына 3 рет жортақтап жүгіру арқылы қимыл белсенділігі деңгейін
арттыра отырып, аптасына 0,1-0,2 кг салмақ жоғалтуды «қоссақ»,
онда 1 жылда дене массасы 10-16 кг дейін азаяды. Және бұл
организмдегі май қорының төмендеуі есебінен орын алады.

    Егер спортшы шұғылданатын спорт түрі бойынша ұсынылған
масса диапазонының жоғары шегінен асып кетсе, салмақ тастау
аптасына 1 кг-ға жетер-жетпес ғана болу керек. Таза дене массасы
есебінен жүретін болғандықтан дене салмағын көп жоғалтпау керек.
Масса диапазонының жоғары шегіне жеткен кейінгі одан әрі салмақ
түсіру жаттықтырушы немесе команда дәрігерінің бақылауымен
ғана іске асырылуы тиіс. Сондай-ақ бұлшық ет қызметіне теріс әсер
етудің алдын алу мақсатында салмақ жоғалту дәрежесі аптасына
0,5 кг-нан да кем болуы қажет. Егер аталмыш дене массасын
төмендету дәрежесі бұлшық ет қызметінің деңгейіне ықпал етсе
немесе қандай да бір организм қызметінің бұзылу белгілері пай-
да болса, онда дене массасын азайтудың қарқындылығын одан да
бәсеңдеткен абзал.

    Тамақ калориясын күніне 200-500 ккал төмендету, бұл
әсіресе, дене жаттығулары бағдарламаларымен қатар жүрсе, дене
салмағының аптасына 0,5 кг азаюына әкеледі. Бұл белгілі бір
мерзімде дене массасының айтарлықтай төмендеуіне әкелетін шы-

           479

⇐ МАЗМҰНЫ
   474   475   476   477   478   479   480   481   482   483   484