Page 481 - indexf
P. 481

ХV тарау
Спорт түрлерінің физиологиялық

                 сипаттамасы

    Дене шынықтыру мақсаты мен мазмұнын, киімдері мен құрал-
жабдықтарын, таралуы мен тиімділігін сыртқы орта, тұрмыс,
тамақтану, жас және жынысқа байланысты қарастыру қажет. Дене
шынықтыру мен спорт қоғамның және жеке әрбір адамның сала-
уатты өмір салтын қалыптастырудағы негізгі бөлім болып табыла-
ды. Адамның жасы мен денсаулық күйі ескеріле отырып, дұрыс әрі
жүйелі түрде ұйымдастырылған дене шынықтыру мен спорттың
денсаулық үшін маңызы зор. Әсіресе, дене жүктемелерін біртіндеп
беру, жүйелі орындау және дұрыс мөлшерлеу тәріздес негізгі прин-
циптер сақталынса, денсаулыққа пайдасы аса зор.

Циклдік спорт түрлерінің физиологиялық сипаттамасы

    3-тараудан белгілі, циклдік спорт түрлеріне немесе циклдік
қозғалыстарға жүгіру, жүру, жүзу, ескек есу, велоспорт, шаңғы тебу,
коньки тебу және т.б., яғни құрылымы және қуаттылығы салыстыр-
малы тұрақты жаттығулар жатады. Аталмыш циклдік спорт түрлері
жүрек-тамыр, тыныс алу жүйелерінің бірқатар ауруларының алдын
алу және емдік мақсатында сауықтыру бағдарламаларынан тұрады.

      Аса ауыр емес жолмен жақсырақ нәтижелерге жету үшін
дәстүрлі жалпы дене гимнастикалық жаттығуларын емес, шаңғы
спорты, кросс, жүгіру, жүзу, кедергілермен жүру сияқты көптеген
бұлшық ет топтарының үздіксіз жұмысын қажет ете орындалатын
жаттығуларды таңдайды. Неғұрлым жұмысқа аз бұлшық ет тобы
тартылса, соғұрлым жаттығу әсері де төмен болады.

    Циклдік қозғалыстардың ортақтығы бұл жаттығуларға
қозғалыстың стереотипті циклдерінің көп рет қайталануы әрі
бірізділікпен орындалу тән. Циклдер бір-бірінен ажырағысыз бола-
ды.

    Циклдік қозғалыстардың физиологиялық негізі рөлін шарт-
сыз, автоматты орындалатын ырғақты қимыл тізбектік рефлекстер

           481

⇐ МАЗМҰНЫ
   476   477   478   479   480   481   482   483   484   485   486