Page 482 - indexf
P. 482

атқарады. Циклдік қозғалыстардың айтарлықтай бөлігі табиғи ло-
комоциялар (қозғалыс) болып табылады немесе соларға негізделеді.
Циклдік қозғалыстарда негізгі ауыспалы шама орындалатын
жұмыстың қуаттылығы мен ұзақтығы болып табылады. Қуаттылық
қимыл циклдерінің жиілігі, амплитудасы және қозғалыс күшімен
анықталады.

    Барлық циклдік қозғалыстарға тән ортақ қасиет – жұмыстың
шекті ұзақтығының жұмыс қуаттылығына немесе қозғалыс
жылдамдығына тәуелділігі.

    Жүру, жүгіру, секіру, лақтыру және көпсайыс жеңіл атлетиканың
түрлеріне жатады, соның ішінде жүру, жүгіру сияқты түрлері циклдік
жаттығуларға жататыны 3-тараудан белгілі.

    Спорттық жүріс. Жүрудің физиологиялық базисі адымдау
рефлексі болып табылады. Жүріс адамның табиғи қозғалысының бір
түрі. Жүру кезінде адам бойындағы барлық бұлшық еттер, сүйектер,
мүшелер жұмыс жасау мүмкіндіктерін арттырып бейімделеді, ты-
ныс алу, қан айналымы, зат алмасу жүйелері қызметі жақсарады.

    Спорттық жүрістің жай жүрістен айырмашылығы онда адым-
дау жиілігі мен аяқ бұлшық еттерінің жұмысына басқаша талап-
тар қойылады. Мысалы, спорттық жүріс кезінде спортшының бір
минуттағы адым жиілігі жүруге қарағанда жоғары болады

    Спорттық жүріс жарысы кезінде арнайы төрешілер тағайында-
лып олар спортшының адымдауы кезінде екі аяқ табандары жер-
ден бірдей көтерілмеуін қадағалайды. Спорттық жүріс кезінде аяқ
табандарының жерден бірдей көтеріліп кетіп, кеңістікте дененің
қалқуының пайда болуы, адамның жүгіру түріне өтуі деп саналады.
Осындай жағдай болғанда спортшыны жарыстан шығаруға шешім
қабылданады.

    Спорттық жүрістегі қозғалыс циклі спортшының бір тіректі
және екі тіректі қалпының екі кезеңінен тұратын екі адым жасаудан
тұрады. Жүрдек адамның қол қозғалысы аяқ қозғалысымен қатаң
үйлесіп отырады және айқаспалы сипатта болады. Жарыс ерлерде
20 және 50 км, әйелдерде 5-10 км арақашықтықтарда жүргізіледі.

    Жоғарыда атап өткендей спорттық жүріске минутына 100-
ден 160-қа дейін және одан да көп адымнан тұратын қозғалыстың
жоғары қарқыны (темпі) тән. Мұнда барлық фаза тірек қоя орын-
далады. Тірексіз фазаның болмауы қозғалысты реттейтін жүйке
орталықтарында қозу үдерістерінің басым болуына әкеледі.

           482

⇐ МАЗМҰНЫ
   477   478   479   480   481   482   483   484   485   486   487