Page 483 - indexf
P. 483

Бұл спорт түрі қалыпты қарқындылықты, салыстырмалы аз
жылдамдықты жұмысқа жатады.

    Шаңғы-жарысушылары немесе стайер-желаяқтарға қарағанда
жүрдек адамдарда бұлшық ет тонусы жоғары болса, бұлшық
еттің босаңсуы (релаксациясы) азырақ байқалады. Спорттық
жүріс кезіндегі энергия шығыны айтарлықтай, мысалы, 5 км
арақашықтықта 300-400 ккал және 50 км арақашықтыққа 3000
ккал-дан жоғары болады. Оттегіні максималды пайдалану (ОМП)
ер адамдарда – 71 мл/кг/мин. Спортшы темпі мен функциялық
дайындығына байланысты тыныс жиілігі (минутына 30-50), өкпе
вентиляциясы (60-90 л/мин) және оттегі сіңірілуі – 3-5 л/мин. және
одан жоғары. Жүрек-тамыр жүйесі қызметіне келсек, жүріс кезінде
жүректің жиырылу жиілігі (ЖЖЖ) 130-дан 160 екп/мин. және одан
жоғары болады. Қандағы лактат (сүт қышқылы) 12 ммоль/л-ге дейін
жоғарылайды. Қан жүйесі көрсеткіштері аса өзгеріске ұшырамайды.
Кейде, әсіресе үлкен көлемді жүктемелерді орындау кезінде анемия
байқалады.

    Жүгіру – кардиореспираторлық жүйелерді жаттықтыру үшін
негізгі және барынша тиімді дене жаттығулары болып табыла-
тын жеңіл атлетиканың негізгі түрі. Осы ретте тағы да ертедегі
гректердің: «Егер сұлу болғың келсе, жүгір, егер сау болғың кел-
се, жүгір, егер күшті болғың келсе, жүгір» өсиет сөзін атап өткен
орынды болар. Жүгіру көп дәрежеде төзімділік пен жылдамдық дене
сапаларының дамуына әкеледі. Жүгіру түрлері мен қашықтықтары
әртүрлі болып келеді. Жүгіру жағдайы секіру, лақтыру сияқты
қозғалыс түрлерінің құрамында да кездеседі. Жүгіруден жарыс 30-
60 м арақашықтықтан (42 км мен 195 м) марафондық жүгіруге дейін
жүргізіледі (Қысқа қашықтыққа 30 метрден 400 метр аралығы, ор-
таша қашықтыққа 500-ден 2000 метр аралығы, алысқа 3000 метрден
10000 метр аралығы енсе, тым алысқа жүгіруге 20 км-ден 30 км
аралығы және марафондық жүгіру 42 км 195 метрге жүгіру жатады).
Осыған орай арақашықтықтар қысқа, орташа және алыс (ұзақ) бо-
лып бөлінеді. Арақашықтық ұзындығына байланысты бұл жұмыстар
максималды, субмаксималды, жоғары және қалыпты қарқынды бола-
ды. Жүгіру жаттығулары жүйке қызметінің салыстырмалы біртекті
динамикалық стереотиптерін қалыптастырады және бекітеді. Көру
анализаторлары мен проприоцептивті рецепцияға қойылатын та-
лаптар жүгірудің (жайдақ және кедергімен жүгіру) түрлері мен
жарыстың сипатына байланысты болып келеді.

                                      483

⇐ МАЗМҰНЫ
   478   479   480   481   482   483   484   485   486   487   488