Page 484 - indexf
P. 484

Спортшы қысқа арақашықтыққа жүгіру кезінде жұмысты ана-
эробты режимде, ұзақ арақашықтыққа жүгіруде – аэробты немесе
аралас, ал орташа арақашықтыққа жүгіруде – аралас немесе анаэ-
робты режимде орындайды. Жүгіру адам организмінің жұмыс жасау
қабілетіне үлкен талаптар қояды. Баяу темпте жай жүгірулер түрлері
адамдарды сауықтыру мақсаттарында жиі қолданылады.

    Жаттығулар бұлшық еттердің қозғыштығы мен лабилділігін
(мүмкіндігін) арттырады. Мәселен, бұлшық ет лабилділігінің жана-
ма көрсеткіші – хронаксия спринтер-желаяқтарында барынша қысқа
келеді.

    Қысқа арақашықтыққа, яғни спринтелік жүгіру жылдамдық
пен күш қабілеттерін талап етсе, орта және алыс қашықтықтарға
(стайелік) жүгіру жылдамдық пен төзімділікті, ал кедергілер арқылы
жүгіру спортшыдан ептілік пен иілгіштікті, жылдамдықты талап
етеді.

    Қысқа арақашықтыққа жүгіру кезінде энергия шығыны ерлерде
3700-4200 ккал және әйел адамдарда 3200-3600 ккал-ға тең болады.
Ұзақ арақашықтыққа жүгіретін желаяқтарда бұл көрсеткіш ер адам-
дарда 5000-5500 ккал, ал әйелдерде 4200-4700 ккал болады.

    Ұзақ арақашықтыққа жүгіретін желаяқтарда ОМП ер адамдар-
да 80 мл/мин/кг, ал әйел адамдарда 56 мл/мин/кг-ға тең. Ерлерге
қарағанда әйелдерде энергия шығыны 15-20%-ға азырақ болады.

    Стайер-желаяқтарында тыныштық күйде жүректің жиырылу
жиілігінің (ЖЖЖ) төмендеуі – брадикардия байқалады. Жүгірудің
арақашықтығына байланысты жүгіру кезінде ЖЖЖ 150-200 екп/
мин. және одан да жоғары болады. Артериялық қан қысымы қалыпқа
(нормаға) сай келеді, стайерлер үшін систолалық қан қысымы 105-
120 мм сынап бағанасы және диастолалық қан қысымы 55-65 мм
сынап бағанасы болатын гипотония тән.

    Стайер-желаяқтарда қанның қызыл элементтері (эритроциттер
мен гемолглобин) айтарлықтай өзгермейді, кей жағдайларда ане-
мия орын алады. Қандағы лактат концентрациясы жүгіріліп өткен
арақашықтыққа немесе жаттығу кезіндегі арақашықтық арасына
тәуелді бола келе 6-8 ммоль/л және одан жоғары 10-16 ммоль/л бо-
луы ықтимал. Кейде стайер-желаяқтары зәрінен белок табылған.

    Жүгірудің:
    1.	 Тегіс жерде жүгіру;
    2.	 Кедергілер арқылы жүгіру;

           484

⇐ МАЗМҰНЫ
   479   480   481   482   483   484   485   486   487   488   489