Page 486 - indexf
P. 486

адамдардың әсіресе, аяқ, жүрек бұлшық еттеріндегі капиллярлар
мөлшері жаттықпайтын адамдармен салыстырғанда екі есе көп бо-
лады.

    Жүгіру адамның жүйке жүйесіне де жағымды әсер етеді. Жүгіру
кезінде пайда болатын тербеліс, мүшелердің қарқынды жұмысқа
араласуы ми қызметінің жақсаруына, энергиямен толығуына әсер
етеді, осыдан барып адам көңіл күйі жақсарып, жұмыс қабілеттілігі
артады. Жүгіру жаттығулары адам денсаулығының жақсаруына,
түнгі ұйқының тынышталуына, шаршауды жеңуге жақсы әсер етеді.

    Жүгіру жаттығуларын барлық жастағы адамдар қолдануларына
болады. Оған арнайы алдын ала дайындықтың қажеті жоқ, адам
жаттығу түрін жүктеме мөлшерін өзінің қалауы бойынша реттей
алады.

    Жүгіру жаттығулары адамнан өз мүмкіндігін дұрыс есептеуді,
жүгіру кезінде аяққа барынша көп күш түсетіндігін ескеруді талап
етеді.

    Жүгірумен шұғылданған адамдар ауруға көп шалдықпайды,
қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларына төзімді келеді, иммундық
қорғанысы жақсы болады, ерте қартаюдың алдын алады.

    Жеңіл атлетикалық секірулер мен лақтырулар ациклді
қимылдардан тұрады (3-тарауда баяндалған). Бұл жарылыстық
жаттығулар бірнеше секундтан біраз ондаған секундқа ғана со-
зылатын өте қысқа ұзақтықта өтеді. Көптеген жарылыстық
жаттығулардың көп бөлігі циклдік қозғалыстардан (екпін алу неме-
се қарқын алудан) тұрады.

    Жеңіл атлетикада секіру түрлері ұзындыққа және биіктікке
секіру деп бөлінеді. Олар орында тұрып және жүгіріп келіп секіру
арқылы орындалуы ықтимал. Орында тұрып секіру арнайы жарыс-
тар бағдарламасына енбейді, көбіне, жаттығу және сынақ түрінде
кеңінен қолданылады. Жүгіріп келіп биіктікке секіру және сырықпен
биіктікке секіру жоғары көлденеңінен қойылған кедергіден өтуге
арналған болса, ұзындыққа секіру және ұзындыққа үш аттап секіру
түрінде горизанталды бағытта алысқа секіруге негізделген.

    Секірудің барлық түрлері спортшыдан күш, жылдамдық, ептілік,
иілгіштік, кеңістікте өзін басқару, бағдарлау сияқты қабілеттерінің
жақсы дамуын талап етеді.

    Лақтыру жаттығулары топтарына жеңіл атлетикалық: табақша,
найза, балға лақтыру, ядро серпу жатады. Лақтырудың жеке жағдайы

           486

⇐ МАЗМҰНЫ
   481   482   483   484   485   486   487   488   489   490   491