Page 485 - indexf
P. 485

3.	 Эстафета;
    4.	 Табиғи ортада жүгіру сияқты төрт түрі бар.
    Тегіс жерде жүгіру негізінен арнайы дайындалған стадион жол-
дарында және жүгіру қашықтығына сәйкес қысқа, орташа, алыс
(ұзақ) қашықтықтарда өткізіледі.
    Барлық спорттық жүгірулер бағыты бойынша сағат тіліне қарсы
орындалады.
    Кедергі арқылы жүгіру: кедергілерден өту және стипль-чез
сияқты екі түрге бөлінеді.
    Кедергілерден өту арқылы жүгіру қысқа қашықтық 60 метрден
400 м аралығында стадиондардың жүгіру жолдарында 5-тен 10-ға
дейінгі арақашықтықтары бірдей кедергілер қойылған жолдарда
өткізіледі.
    Стипль-чез (ағылш. steeplechase – кедергілер арқылы өтетін жа-
рыс) – 3000 метр қашықтық аралығында су толтырылған шұңқыры
бар кедергілер қойылған жүгіру жолдарында өткізілетін орташа
қашықтықты жеңіл атлетика түрі.
    Эстафеталық жүгіру – топтық (командалық) жарыс. Жүгіретін
қашықтық бойына бірдей қашықтықта спортшылар орналасады. Әр
спортшы өз қашықтығын жүгіріп өтіп, қолындағы таяқшаны келесі
спортшыға беруі тиіс. Эстафета қашықтығы қысқа, орташа және
аралас қашықтықта болуы мүмкін.
    Табиғи ортада жүгіру (кросс) әртүрлі қашықтықта жыл мезгілі-
нің барлық уақыттарында өткізіледі.
    Марафондық қашықтыққа жүгіру әртүрлі жолдарда өткізілуі
ықтимал, тек жүгіруді бастау мен аяқтау бір жерде болды.
    Қазіргі кезде жүгірудің сағаттық, бірнеше сағаттық, сөткелік, т.б.
түрлері кеңінен қолданылуда.
    Жүгірудің қай түрі болса да салауатты өмір салтын сақтауда
және төзімділік дене сапасын дамытуда рөлі зор. Жүгіру бары-
сында көкірек және құрсақ қуысында орналасқан барлық мүшелер
жұмысқа араласады, бауыр, бүйрек, ішек, қарын, өт жолдарына
тікелей ықпал етіледі, қан айналысы жақсарып, организмде алмасу
үдерісі жақсы жүреді.
    Жүгіру адамның барлық энергия беруші көздерінің мүмкіндігін
ашады, зат алмасу үдерістерінің дұрыс қалыпты жұмыс жасауына
ықпал ете отырып, артық салмақтың пайда болуын тежейді.
    Жүгірумен және жаттығудың басқа түрлерімен айналысқан

           485

⇐ МАЗМҰНЫ
   480   481   482   483   484   485   486   487   488   489   490