Page 487 - indexf
P. 487

болып ауыр атлетикалық жаттығулар (жұлқу мен серпу) табылады.
Лақтыру орындалу түрлеріне қарай бастан асыра найза, гранат, доп
лақтыру енсе, айналдыра лақтыруға балға, табақша лақтыру, ал ите-
руге ядроны итеру жатады.

    Лақтыру адамнан жылдамдықпен күшті қажет етеді, басты
мақсат қолдағы затты неғұрлым алысқа лақтыру болып табылады.
Лақтыру кезінде адамнан аз уақыт аралығында қол, аяқ, дененің өте
көп мөлшерде күш жұмсауы арқылы жылдамдық, координациялық
қабілеттердің үйлесімді жұмыс жасауын қажет етеді.

    Көпсайыс түріне жүгіру, секіру, лақтыру, т.б. түрлері қосындысы
енеді. Олар үшсайыс, бессайыс, т.б. деп жарысу түрлерінің санын
көрсетеді. Жарыс қорытындысы әр сынақ бойынша жинақталған
бағалар қосындысы бойынша анықталады. Жеңіл атлетиканың
функциялық негіздері Д. Оңғарбаева, Г. Мадиева, Е. Алимханов
(2013) еңбегінде толығымен баяндалған.

    Шаңғы спорты денсаулықты, функциялық күй мен жаттығу
дәрежесін сақтау мен жақсартудағы таптырмайтын маңызды спорт
түрі болып табылады. Шаңғы спортымен ерте балалық шақтан ба-
стап тіптен, қартайған шаққа дейін шұғылдануға болады. Әсіресе,
шаңғы жарыстары кең тараған. Ол қол жұмысын жұмылдыра оты-
рып, шұғыл ұзарған жалғыз тіректі жүріс түрінің локомоциясы бо-
лып табылады.

    Сонымен қатар шаңғы спорты әртүрлі рельефті жерлерде, әртүрлі
сырғанау арқылы жүргізіледі. Шаңғы спортында арақашықтық
әйелдерде 5, 10, 15 және 30 км, ал ерлерде – 15, 30, 50 км құрайды.

    Білікті шаңғышының жарыс темпі (жылдамдығы) жүгіріп өткен
арақашықтықтың ұзындығына айтарлықтай тәуелді болмайды. Де-
генмен, арақашықтықты жүгіріп өту жылдамдығы осы арақашықтық
профиліне, ауа температурасына, қарға, шаңғының майлануына
және шаңғышы-жарыскердің жаттығу дәрежесіне, яғни функциялық
күйіне байланысты болып келеді.

    Жоғары қарқындылықты шаңғышы-жарыскердің жұмысын
арақашықтық профиліне байланысты ауыспалы қарқындылықты
жұмыстарға жатқызуға болады.

    Шаңғы спорты жалпы және жылдамдықты төзімділікті дамыта-
ды, алайда, жарыстарға дайындалу кезінде күштік жаттығулар, мы-
салы, дөңгелекті шаңғы (шаңғы роллер), салмақты белдіктер мен
шаңғы таяқтарымен тауға жүгіру және т.б. кезінде қолданылады.

           487

⇐ МАЗМҰНЫ
   482   483   484   485   486   487   488   489   490   491   492