Page 488 - indexf
P. 488

Біліктілігі жоғары шаңғышы-жарыскерлер арақашықтықтарды
бағындыруда өздерінен біліктіліктері төменірек спортшыларға
қарағанда оттегіні 15-20%-ға азырақ пайдаланатынын Ю. Х. Кальюс-
то көрсетіп өткен.

    Жарысушы-шаңғышының жаттығу немесе жарыс кезінде
бұлшық еттерінің басым бөлігінің қатысуына орай энергиялық
шығындар да көбірек болады. Шаңғышы-жарыскердің жұмыс типі
трасса профилі мен климаттық жағдайларға (ауа температурасы,
қар, шаңғының майлануына) байланысты аэробты-анаэробты, ал
егер жаттығу, әсіресе жарыс, орта биіктікте өтсе, онда жұмыс режимі
анаэробты болады.

    Жоғары жылдамдықпен таудан сырғанаған және көтерілген
кезде оттегі пайдаланудың артқанына қарамастан энергияның бір
бөлігі анаэробты реакциялар арқылы шығарылады. Бұған қандағы
сүт қышқылы концентрациясының айтарлықтай жоғарылауы дәлел
болады.

    Энергияның жалпы шығыны 4200-ден 6000 ккал-ға дейін
мөлшерді құрайды. 50 км және одан ұзақ шаңғы марафондарында
энергия шығыны бұл шамадан едәуір асып түседі. ОМП ерлерде 83
мл/кг/мин, ал әйелдерде 63 мл/кг/мин болады. Тыныс алу алма ке-
зек аздап екі адымдап жүру кезінде ырғақты 1:1, 1:2 болса, ал бір
мезгілде орындалған жүрістерде тыныс шығару таяқпен серпіле
итерілгенде және кеуде еңкейгенде жүзеге асырылады. Тыныс
алу мен қозғалыстың дұрыс үйлесуі әрқашан жұмыс тиімділігін
жоғарылатады. Шаңғышы-жарысушыларда тыныс бұлшық еттері
жақсы дамыған. Осыған орай оларға тыныс қозғалыстарының
жоғары амплитудасы мен ӨТС (ерлерде 5,5-7,5 л-ге дейін, әйелдерде
3,5-4,5 л) жоғары мәні тән. Оттегіні пайдалану білікті шаңғышыларда
олардың ОМП-ның 85-90%-ын құрайтын 4-5 л/мин-қа жетеді.
Жазықта шаңғы тебуде бұл шама ОМП 80%-нан аспайды, биікке
көтерілгенде ол 100%-ға дейін жоғарыласа, төмен түскенде 50-55%-
ға дейін кемиді.

    Коньки тебу спорты. Коньки тебумен айналысу тек жылдамдық,
төзімділік, қозғалыс координациясын ғана дамытып қоймай және
организмді шынықтырып, суық тиюден болатын ауруларға қарсы
тұру қабілеттерін арттырады.

    Ұзындығына байланысты арақашықтық субмаксималды (500,
1000, 1500 м) және жоғары қарқындылықты (5000 және 10000 м) бо-
лып бөлінеді.

                                      488

⇐ МАЗМҰНЫ
   483   484   485   486   487   488   489   490   491   492   493