Page 489 - indexf
P. 489

Конькишы қозғалысына, әсіресе, бұрылу кезінде координация-
сы бойынша күрделі циклдік сипат тән. Коньки тірек бетінің аз бо-
луы, жоғары жылдамдық, сырғанау (таю) мен кеуденің еңкіш кейпі
конькишінің тепе-теңдік сақтауына қиындық туғызады және оның
қимыл әрекетін күрделендіре түседі.

    Конькимен жүгіру кезінде энергия шығыны арақашықтық
ұзындығына, жүгіру, орын ауыстыру жылдамдығына және
метеологиялық жағдайларға байланысты бола келе ерлерде 4400-
4800 ккал, әйел адамдарда 3700-4100 ккал құрайды. Соңғы жылда-
ры барлық үлкен жарыстар жабық спорт сарайларында өткізілетінін
атап өткен жөн. ОМП ерлерде 78 мл/кг/мин, әйелдерде 54 мл/кг/мин-
қа тең.

    Конькимен жүгіру кезінде өкпе вентиляциясы 100-160 л/мин,
оттегі пайдалану 4-4,5 л/мин болады. Оттектік қарыздылық, әсіресе,
500-1500 м жүгіру кезінде орын алады. Конькишілерде тыныштық
күйде пульс ерлерде 40-50 екп/мин, ал әйел адамдарда ол бірнеше
төмен келеді.

    Жүгіру кезінде ЖЖЖ дереу артып, 190-200 екп/мин-қа дейін
жетіп және одан да асып түсуі мүмкін. Қандағы лактат концентрация-
сы 16 ммоль/л-ге дейін және одан жоғары болады.

    Велосипед спорты. Арақашықтық ұзындығына тәуелді велоси-
педпен жүру максималды, субмаксималды, жоғары және қалыпты
қарқындылықты жұмыстарға бөлінеді. Велосипедшілер максимал-
ды қуаттылықты жұмыстар тректе 200 және 500 м, субмаксималды
1000 м арақашықтықта, жоғары 5000, 10000, 20000 арақашықтықта
және қалыпты – шосседе 100 км және одан жоғары орындалады.

    Жарыс кезінде тыныс алудың біраз қиындауына қарамастан,
өкпелік вентиляция веложарысушыларда 60-120 л/мин. және одан
жоғары, ал оттегінің сіңірілуі 5 л/мин. және одан асады. Ерлерде
ОМП 75 л/кг/мин-қа тең болады.

    Энергия шығыны ер адамдарда 5400-6000 ккал, ал әйел адам-
дарда 4100-4600ккал-ға тең. Тас жолшы-велосипедшілерде ЖЖЖ
тыныштық күйде орта есеппен 45-50 екп/мин. болса, ал жарыс
кезінде ЖЖЖ жарыс темпіне, рельефіне, климаттық жағдайларға,
функциялық дайындығына байланысты бола келе, 140-190 екп/
мин және одан да жоғары мәнге жетіп жығылады. Мәреге жеткенде
ЖЖЖ 200 екп/мин және одан да асуы мүмкін. Велошабандоздарда
артериялық қан қысымы төмен, яғни гипотония тән.

           489

⇐ МАЗМҰНЫ
   484   485   486   487   488   489   490   491   492   493   494