Page 490 - indexf
P. 490

Қызыл қан элементтері қалып (норма) бойынша болады, кейде
ғана көп тәуліктік веложарыстарға қатысқан спортшыларда анемия
байқалып және зәрлерінде белок анықталған.

    Ескек есумен (академиялық, каноэде және байдаркамен) кез кел-
ген жаста шұғылдануға болады. Ол жалпы дамытатын жаттығулар
қатарына жатады, сонымен қатар активті дем алудың жақсы құралы
болып саналады.

    Ескектер қозғалысы координациясы жағынан күрделі, ол
орындықтың қозғалмалығымен және академиялық қайықтардың аз
тұрақтылығымен байланысты. Бұл спортшыны үнемі тепе-теңдікті
ұстап тұруға міндеттейді, әсіресе, бұл 2, 4, 6 орынды қайықтарда
маңызы зор.

    Академиялық есу әсіресе, проприоцептивті, сипап сезу,
вестибулярлық рецепторлар, перифериялық көру мен есту анализа-
торларына үлкен талаптар қояды.

    Ескек есу қаңқа бұлшық еттерін, әсіресе арқа бұлшық еттерін,
жоғары иық белдеуін, іш бұлшық еті мен аяқ бұлшық еттерін, яғни
ірі бұлшық еттерді дамытады. Академиялық есуде энергияның жал-
пы шығыны айтарлықтай. Ол ерлерде 5200-5600 ккал, ал әйел адам-
дарда 4200-4800 ккал тең. ОМП ер адамдарда 62 мл/кг/мин.

    Ескекшілердің тыныс жиілігі қозғалыс ырғағымен сәйкес келеді
және ол орта есеппен минутына 30-40-қа тең. Жарыс кезінде ты-
ныс алу өзгереді, мысалы мәреге келгенде ол артады, яғни жиілей
түседі. Ескекшілер үшін дұрыс тамақтану аса маңызды. Білікті
ескекшілерде өкпелік вентиляция 150 л/мин-қа дейін жетеді, бұл
тыныс тереңдігінің артуы есебінен мүмкін болады. Бұл спортшы-
ларда тыныс алу бұлшық еттері жақсы дамыған. ӨТС ерлерде 6 л
және одан жоғары, әйел адамдарда 4 және одан көп болуы ықтимал.

    Ескекшінің жұмысы әдеттегідей анаэробты режимде өтеді.
Жоғары білікті спортшыларда оттегіні пайдалану 5-5,5 л/мин-қа
жетуі мүмкін. 1500-2000 м арақашықтықта ескек есу кезінде оттектік
сұраныс орта есеппен 50-60 л-ге, оттектік қарыздылық оттектік
сұранысқа қатысты 20-30%-ға теңболады. ЖЖЖ тыныштық күйде
орта есеппен, 40-50 екп/мин, ал жарыс кезінде 160-200 екп/мин.
және одан да асуы мүмкін.

    Ескекшілерде суда ескекті есу кезінде қысқа уақыттық күштену
(ышқыну) орын алады, бұл оң жақ жүрекшеге вена қанының келуін
қиындатуынан жүрек жұмысын біршама ауырлатады. Күштену со-

           490

⇐ МАЗМҰНЫ
   485   486   487   488   489   490   491   492   493   494   495