Page 491 - indexf
P. 491

нымен қатар веноздық қан қысымының жоғарылауына әкеледі.
Қарқынды жаттығулардан (жарыстардан) және салқындаудан (аса
тоңазудан) кейін, әсіресе, көктем, күз айларында ескекшілер зәрінде
белок сирек пайда болмайды.

    Жүзу. (Жүзу физиологиясы туралы толығымен 10-тарауда
баяндалған болатын). Спорттық жүзудің 4 түрі бар: еркін стиль
(кролль-құлаштап жүзу), арқамен жүзу, брасс және баттерфляй.
Жарыстардағы арақашықтық 50-ден 1500 м-ге дейін. Мұнда 50, 100,
200 м арақашықтыққа жүзу субмаксималды қарқындылықты, 400,
800, 1500 м жоғары қарқындылықты, 15, 25 км-ге теңізде жүзу орта-
ша қарқындылықты жаттығуларға жатады.

    Жүзу температура 25,5-28,5°С болатын сулы ортада жүзеге асы-
рылады, бұл жұмысқа қабілеттілікке айтарлықтай ықпал етеді.

    Сонымен қатар, жүзу жүзгіш денесінің горизонталды қалпымен
сипатталатын болғандықтан жүрек пен өкпе қызметтеріне
айтарлықтай ықпал етеді, себебі денені вертикалды қалыпта ұстап
тұруға энергия жұмсалмайды. Осының барлығы жүзгішке құрлықта
орындай алмайтын үлкен көлемді жұмыстарды ұзақ уақыт орындауға
мүмкіндік береді. Жүзгіштің денесі мен су температурасы әртүрлі
болғандықтан су рецепторлар үшін тітіркендіргіш болып табыла-
ды. Сонымен қатар жүзу жылдамдығы артқан сайын жоғарылап
отыратын су кедергілеріне төтеп беріп отырады. Қалқымалылық
қозғалысты орындау техникасына, спортшы салмағына және
бұлшық ет пен май ұлпаларының арақатынасына байланысты. Жүзу
кезіндегі тыныс жиілігі жүзу тәсіліне байланысты минутына 30-45
жетуі мүмкін. Мұнда өкпелік вентиляция минутына 90-100 литр
және одан көп, оттегіні сіңіру 5,0-5,5 л болуы ықтимал. ОМП ерлер-
де 67 мл/кг/мин, ал әйелдерде – 57 мл/кг/мин, энергия шығыны ер
адамдарда 4200-4800 ккал, ал әйелдерде – 3600-4100 ккал болады.

    Қанның қызыл элементтері қалыпта болады, алайда, қарқынды
жаттығулар кезінде кейде гемоглобиннің төмендеуі (анемия)
байқалады.

    Лактат мөлшері жарыстан немесе жаттығудан кейін 14-16
ммоль/л және одан жоғары болуы мүмкін. Жүзгіштерде ұзақ
уақыттық қарқынды жаттығу мен бассейндегі судың төмен темпе-
ратурасынан соң зәр құрамында белоктың байқалуы сирек құбылыс
емес.

           491

⇐ МАЗМҰНЫ
   486   487   488   489   490   491   492   493   494   495   496